Диалог, мағлұматтар және цифрлық қауіпсіздік Алматыдағы Орталық Азия жастар желісі семинарының басты назарында
АЛМАТЫ, Қазақстан, 25 маусым 2019 ж. – Бүгін Алматыда ЕҚЫҰ Орталық Азия жастар желісінің (CAYN) жыл сайынғы он үшінші семинары басталды.
«Диалог, мағлұматтар және цифрлық қауіпсіздік» тақырыбына арнаулы үш күндік іс-шараны Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Бішкектегі ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің қолдауымен Орталық Азияның, Ауғанстанның және Моңғолияның шамамен 35 үздік университет студенттері мен CAYN түлектері үшін ұйымдастырды. Іс-шараға ЕҚЫҰ өкілдері, сонымен қатар АҚШ, Ауғанстан, Өзбекістан және Украинадан келген сарапшылары, ЕҚЫҰ Хатшылығының мамандары және жеке меншік сектор мен коммерциялық емес ұйымдардың жетекші өкілдері қатысты.
Қатысушылар қауіпсіздікті нығайту, үкіметтік органдар мен бизнестегі мағлұматтарды қолдану, сондай-ақ цифрлық қауіпсіздіктің болашағындағы диалогтың ролін талқылады. Іс-шараның сессиялары сыни ойлау қабілеттерін нығайтуға бағытталды, сонымен бірге аймақтағы қауіптер мен тегеуіріндерді хадықаралық ынтымақтастық арқылы шешу жолдарын қарастырады. Бұдан басқа, семинар креативтілікті ынталандыруға және аймақтағы қазіргі және болашақтағы көшбасшылары арасында достастықты нығайтуға арналды. Олар тағы аймақтағы ашықтықты қамтамасыз ету және бизнес мүмкіндіктеріндегі цифрлық жүйенің ролін зерттейді.
Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің басшысы Елші Дьердь Сабо: «Қандай да бір мамандықты таңдасаңыз да, Орталық Азия жастар желісі сіздерге кәсіби даму және аймақта және одан тыс қауіпсіздікті қамтамасыз ету ретінде Орталық Азия аймағында ынтымақтастықты ілшерілетуге көмектседі», - деп айтты.
Жастар және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ЕҚЫҰ Төрағасының Арнайы өкілі Самуэль Года болашақтағы қауіпсіздік үшін жастармен өзара әрекеттесу және шешім қабылдау процесіне жастардың қатысу маңыздылығы мәселелерін талқылады. Ол «Басымдылық 2030» атты ЕҚЫҰ жастар бағдарламасын атап айтты, онда Еуропадағы, Еуразиядығы және Солтүстік Америкада қауіпсіздік пен ынтымақтастық концепциясын әзірлеу мақсатында халықаралық ынтымақастықпен айналысатын және ЕҚЫҰ тұжырымдамалары мен міндеттемелерімен жігерленген жас қыздар мен ерлерді біріктіреді.
Семинар әр түрлі қауымдастықтар арасында коммуникациялардың ұлғаюына, сондай-ақ жастар үшін технология секторындағы карьералық мүмкіндіктеріне арнаулы екі күндік тренингпен жалғасады.
Іс-шара жастардың қазіргі қауіпсіздік қатерлері мен сын-қатерлерін түсінуін жақсартуға, сондай-ақ оларды шешуде ЕҚЫҰ рөлін түсіндіруге бағытталған Офистің күш-жігерінің бөлігі болып табылады.