ЕҚЫҰ Қазақстандағы адвокаттарға арналған тренинг курстарын қолдауда
Тиімді оқыту дағдылары бойынша адвокаттар-жаттықтырушыларды үйрету курсы ЕҚЫҰ қолдауымен 2019 жылы 22 маусым аралығында Алматы қаласында өз жұмысын аяқтады.
Төрт күндік іс-шараны Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі және «Құқықтық саясатты зерттеу орталығы» үкіметтік емес ұйымы бірлесіп, Алматы мен Нұр-Султан қалаларының адвокаттар алқалары қолдауымен ұйымдастырды.
Адвокаттардың қызметі және заң көмегі туралы жаңа заңның ережелеріне сәйкес адвокаттар қауымдастығының әлеуетін дамытуға бағытталған курсқа сегіз аймақтық алқадан келген 22 адвокат қатысты.
Жергілікті сарапшылар қатысушыларды өздерінің әріптестеріне арналған тиімді тренингтерді жоспарлау, дайындау және өткізудің амалдарын үйретті. Олар бұқара алдында сөйлеу, ауызша коммуникация, командалық жұмыс және жанжалдарды шешудегі өздерінің кәсіби білімдері мен дағдыларын жетілдірді. Оқыту курсының қорытындысы бойынша бес түлек үйренген дағдыларын іс жүзінде қолдану үшін келесі семинарды дайындап, өткізеді.
Оқыту семинары ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің қабылдаушы елдегі құқық үстемдігі және әділ сот жүргізу стандарттарын нығайту жөніндегі ұзақ мерзімді күш-жігерінің бөлігі болып табылады.