ЕҚЫҰ Қазақстанда Ластағыштарды шығару және тасымалдау тіркелімі туралы хаттаманы қолдану жөніндегі семинарды қолдауда
2019 жылғы 21 маусымда ЕҚЫҰ қолдауымен Алматы қаласында мемлекеттік органдардың, жеке меншік сектордың және азаматтық қоғамның шамамен 40-қа өкілі үшін Қазақстанда Ластағыштарды шығару және тасымалдау тіркелімі (ЛШТТ) туралы хаттаманы қолдану жөніндегі оқу семинары өтті.
Бұл іс-шара Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарлама офисі Тұрақты дамуды қолдау Орталығымен серіктестікте ұйымдастырған үш семинарлар топтамасындағы алғашқы іс-шара болып табылады.
Қатысушылар ЕҚЫҰ ұлттық сарапшылардан Біріккен Ұлттар Ұйымы Еуропалық экономикалық комиссиясының (БҰҰ ЕЭК) ЛШТТ Хаттамасының Орхусс конвенциясына және ұлттық экологиялық заңнамаға қоятын талаптарымен танысты. Сонымен қатар бұл іс-шара өнеркәсіптік кәсіпорындардың ластағыш заттарды шығару туралы өзекті ақпаратты ұсыну әлеуетін арттыруға, сондай-ақ ластағыштарды шығару туралы есептілікті ЕҚЫҰ қатысушы мемлекеттердің ең үздік стандарттарына сай келтіруге және Қазақстанның хаттаманы ағымдағы жылдың соңына дейін ратификациялау туралы мәлімдемесіне сәйкес бағытталды.
ЛШТТ Хаттамасы 2003 жылы Украинадағы Киевте қабылданды және ол тараптардан ластағыштарды шығару және тасымалдау туралы ақпаратты қамтитын көпшілікке қолжетімді тіркелімдерді белгілеуді талап ететін заң тұрғысынан міндетті құжат болып табылады.
Іс-шараның жалғасы ретінде осы жылдың ішінде Қарағанды мен Шымкентте екі семинар өтеді. Аталған семинар Қазақстанда Орхус конвенциясының халықаралық стандарттарын ілгерілетуге бағытталған Бағдарламалар офисінің ұзақ мерзімді қызметінің құрамдас бөлігі болып табылады.