ЕҚЫҰ Қазақстанда интернеттегі БАҚ-тың құқықтық реттелуі бойынша оқыту семинарларын аяқтауда
«Құқықтық медиа-орталық» үкіметтік емес ұйымымен бірлесіп ұйымдастырылған Интернеттегі БАҚ-тың құқықтық реттелуінің механизмдері мен сандық қауіпсіздігі жөніндегі семинар 2019 жылғы 10 маусымда Талдықорғанда ЕҚЫҰ қолдауымен өтті.
20-ға жуық журналисттер пен блогерлер интернеттегі БАҚ-тың құқықтық реттелуінің тәжірибелік және заңдық аспектілерін қоса алғанда БАҚ саласындағы ұлттық және халықаралық стандарттарымен танысты. Іс-шара ақпаратқа қол жетімділік, тордағы пікір білдіру еркіндігін шектеу, жеке мағлұматтарды қорғау, факт-чекинг пен ақпараттың әртүрлі сандық көздерімен жұмыс жасау, сондай-ақ БАҚ саласындағы азаматтық құқықтарды қорғау бойынша сессиялардан тұрды. Ұлттық сарапшылармен бірге қатысушылар өшпенділік тіліне жол бермеу бойынша соттық істерді және ашық үкіметтің ақпараттар базасымен жұмыс құралдарын зерттеді.
Бұл семинар осы жылы Павлодар мен Ақтөбеде өткізілген ұқсас іс-шаралардың жалғасы болып табылады.
Іс-шара Офистің ЕҚЫҰ ұстанымдары мен міндеттемелеріне сәйкес БАҚ еркіндігін және сөз еркіндігін ілгерілету қызметінің құрам бөлігі болып табылады.