ЕҚЫҰ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте қазiргi заманғы технологияларды қолдану бойынша оқыту семинарын қолдауда
2019 жылғы 31 мамырда Нұр-Сұлтанда ЕҚЫҰ қолдауымен сыбайлас жемқорлық қылмыстарын анықтау, жолын кесу және тергеудің қазiргi заманғы әдіс-тәсілдері бойынша екі күндік оқыту семинары аяқталды.
Іс-шараны Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі мен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы тығыз ынтымақтастықта ұйымдастырды.
Іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының 40-қа жуық өкілі қатысты, олар сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылықтарды анықтауға арналған қазiргi заманғы құралдарды қолдану мәселелерін қарастырды. Шақырылған ұлттық және халықаралық сарапшылар талдамалық барлау және болжау, Интернет ресурстарын пайдалану, бақылау құралдары мен сыбайлас жемқорлықтың қауіпті факторлары сияқты тақырыптарды түсіндірді.
Арнайы бөлім сатып алудағы сыбайлас жемқорлық қатерлерін анықтауға арналды. Украинадан келген ЕҚЫҰ сарапшысы Украинадағы сатып алу практикасын шолуды ұсынды және Қазақстанда сатып алуларды басқару мәселелері арасындағы айырмашылықтарды анықтады.
Оқыту семинары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағдарланған тиісті басқаруға қолдау көрсету бойынша Бағдарламалар офисінің көпжылдық жұмысының бір бөлігі болып табылады.