Цифрлық сауаттылық және медиа қауіпсіздік Орталық Азиядағы Интернетті дамыту бойынша ЕҚЫҰ-ның 10-шы форумының басты назарында
АЛМАТЫ, Қазақстан, 31 мамыр 2019 ж. – Жыл сайынғы 10-шы Интернетті дамыту жөніндегі Орталық Азия форумы бүгін Алматыда аяқталды. Форум Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі және MediaNet Халықаралық журналистика орталығы мен Қазақстандағы Конрад Аденауэр атындағы қорының қолдауымен ұйымдастырылды.
Форум «Цифрлық сауаттылық: кәсіби құзырет, қауіпсіздік және тұтыну» тақырыбына арналды. Қатысушылар ақпараттық кеңістікті дамытудағы мемлекеттің, БАҚ-тың және азаматтық қоғамның рөлін, Интернеттің қоғамның өміріне әсерін, БАҚ, ақпараттық сауаттылық және факт-чекинг мәселелерін, Орталық Азиядағы пікір білдіру еркіндігін талқылады. Сонымен бірге киберқауіпсіздік пен жеке мағлұматтарды қорғау, және де дезинформация, жалған ақпарат тарату, өшпенділік тіліне және зомбылық экстремизмге жол бермеу мәселелері қарастырылды.
Екікүндік іс-шараға 200-ге жуық адам қатысты, оның ішінде Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекістан, Ресей Федерациясы, Сингапур, Тәжікстан, Түрікменстан, Украина және Чехиядан келген мемлекеттік қызметкерлер, азаматтық қоғам, БАҚ саласындағы үкіметтік емес ұйымдар, кәсіби қауымдастықтар және дипломатиялық корпустың өкілдері, сарапшылар, заңгерлер және журналисттер, сондай-ақ БАҚ еркіндігі мәселелері бойынша ЕҚЫҰ Өкілі Бюросының қызметкері болды.
Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Басшысының орынбасары Диана Дигол былай деді: «Интернет желісі бұқаралық ақпарат құралдарын дамытуға, адамдарға ақпаратты жедел жеткізуге, соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Алайда ол пікір білдіру еркіндігі мен сөз еркіндігі үшін күрделі мәселелер мен тіпті қауіп-қатерлерді туындырады. Осыған орай, Интернеттегі бұқаралық ақпарат құралдарын құқықтық реттеу механизмдері туралы білу аса маңызды болып табылады».
Қазақстандағы Конрад Адэнауер қоры өкілдігінің ДиректорыТомас Хельмнің айтуынша: «Цифрлық заманның бірден-бір көкейкесті мәселесі – онда барлық адамдардың қатыса алуына жол беру. Тиісті цифрлық коммуникация тек кейбіреулердің ойын алаңы болып қана қоймай, бірақ қазіргі кездегі біздің басты құзыреттеріміздің бірі болуы керек. Сондықтан цифрлық кедейшіліпен күрес тиісті медиа саясаттың ажырамас бөлігі болуы тиіс».
Форум Офистің Қазақстанда және Орталық Азия аймағында пікір білдіру еркіндігі мен БАҚ еркіндігін ілгерілету бойынша қызметінің құрамдас бөлігі болып табылады.