ЕҚЫҰ Қазақстанда өшпенділік тіліне жол бермеу бойынша сараптамалық зерттеулер таныстырылымына қолдау көрсетуде
Пікір білдіру еркіндігі және өшпенділікті қоздыруға қарсы әрекет қолдану саясаты бойынша сараптамалық зерттеулер таныстырылымы жөніндегі кездесу ЕҚЫҰ қолдауымен 2019 жылғы 29 мамырда Нұр-Сұлтанда өткізілді.
30 жуық журналисттер, мемлекеттік органдар қызметкерлері, заңгерлер, азаматтық қоғамның, халықаралық ұйымдардың және дипломатиялық корпустың өкілдері зомбылық экстремизмімен күресу жағдайында ұлттық, діни, әлеуметтік қарым-қатынас мәселелері бойынша пікір білдіру еркіндігіне қатысты тақырыптарды талқылады. Қазақстанның ұлттық сарапшылары сөз еркіндігі мен өшпенділік тіліне жол бермеу арасындағы теңгерімді табу, әртүрлі алауыздықты қоздыру туралы істердің құқықтық аспектілері және БАҚ-та өшпенділік лексикасының мәтіндерін қолдану бойынша мысалдарды талдау бойынша презентацияларды баяндады.
Кездесуді Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдардамалар офисі, «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау жөніндегі халықаралық қоры, Нұр-Сұлтандағы Нидерланды Корольдігінің Елшілігі және Сорос-Қазақстан қоры тең ұйымдастырды.
Іс-шара Офистің ЕҚЫҰ ұстанымдары мен міндеттемелеріне сәйкес БАҚ еркіндігін және сөз еркіндігін ілгерілету қызметінің құрам бөлігі болып табылады.