ЕҚЫҰ Қазақстанда адам құқықтары жайлы хабардарлықты арттыру семинарларының сериясын бастауда
Студенттер арасында адам құқықтары жөнінде ағарту және ақпараттандыру бойынша ЕҚЫҰ қолдауымен өткізілген семинар Нұр-Сұлтанда 2019 жылы 30 сәуірде өз жұмысын аяқтады.
Екі күндік іс-шара Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалық офисі, Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл және «Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық халықаралық бюросы» үкіметтік емес ұйымымен бірлесіп ұйымдастырылған төрт семинар сериясындағы алғашқысы болып табылады. Семинар КазГЮУ университетінде адам құқықтарын қорғаудың халықаралық және ұлттық тетіктерін, құқық қолдану практикасын және негізгі тегеуріндерді талқылау үшін 30-ға жуық студенттерді, Омбудсмен кеңсесінің өкілдерін және жергілікті адам құқықтары жөніндегі сарапшыларды біріктірді.
Қатысушылар сарапшылардан адам құқықтарының негізгі тұжырымдамасы туралы біліп, азаматтардың құқықтары мен негізгі бостандықтарын дұрыс қамтамасыз ету мен көтермелеудің практикалық мысалдарын қарастырды.
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық мекемелердің қызметіне, атап айтқанда, Омбудсмен мкекемесінің құқықтардың бұзылуына қатысты шағымдарды қараудағы және жабық мекемелерді бақылаудағы рөліне жеке сессия арналды.
Екі күндік іс-шараның жалғасы ретінде ағымдағы жылы Алматыда, Қарағандыда және Өскеменде үш семинар өтетін болады. Семинарлар топтамасы Бағдарламалар офисінің қабылдаушы елде адам құқықтарын ағартудағы жәрдемдесуге қатысты ұзақ мерзімді күш-жігерінің құрамдас бөлігі болып табылады.