ЕҚЫҰ Қазақстанда адам құқықтарын қорғау бойынша семинарларын қолдауда
2019 жылдың 26 сәуірінде Жамбыл облысында ЕҚЫҰ қолдауымен ұйымдастырылған адам құқықтарын қорғау тетіктеріне байланысты мемлекеттік органдар, азаматтық қоғам мен сот жүйесінің өкілдеріне арналған оқыту семинарлар топтамасының төртінен біріншісі өтті.
Төрт күнге созылған іс-шарада 536 жуық қатысушы, соның ішінде Тараз, Мерке және Жамбыл облысының Аса ауылы әкімдіктерінің өкілдері, сондай-ақ судьялар, прокуратура, құқық қорғау органдарының қызметкерлері және азаматтық қоғам өкілдері болды. Олар Қазақстанның адам құқықтары саласындағы міндеттерімен және құқықтарды және еркіндіктерді жылжытуда ұлттық және халықаралық институттардың рөлімен танысты. Семинар барысында қатысушылар қызметкерлер үшін маңызды мәні бар еңбек заңнамасының жаңа ережелері және ақпаратқа қолжетімділік бойынша заңды жолмен емін-еркін алу құқықтары жайлы білді.
Семинар Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің қолдауымен ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия Жамбыл облысының әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырылды. Іс-шара Қазақстанда негізгі құқықтарды және еркіндіктерді жылжытуда адам құқықтары бойынша ұлттық институттарға қолдау көрсету бойынша Офистің ұзак мерзімді жұмысының бөлігі болып табылады.