ЕҚЫҰ Жайық өзеніндегі балықтың жаппай қырылу себептерін талқылау жөніндегі дөңгелек үстелін қолдауда
Атырау облысындағы экологиялық проблемаларды, соның ішінде, жақында болған Жайық өзеніндегі балықтың жаппай қырылуын талқылау жөніндегі дөңгелек үстел ЕҚЫҰ қолдауымен Атырау қаласында 2019 жылдың 3 сәуірінде аяқталды.
Дөңгелек үстелді Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар Офисі экологиялық ұйымдар Ассоциациясымен бірлесе отырып ұйымдастырды.
Іс-шараға 50 астам жергілікті әкімшілік, өңірлік су шаруашылық органдары, бизнес және үкіметтік емес экологиялық ұйымдар өкілдері қатысты. Қатысушылар елдегі мұндай экологиялық апаттардың қайталануына жол бермеу үшін, балық қырылуының мүмкін себептерін және алдын алу механизмдерін талқылады. Экологиялық ұйымдар Ассоциациясының ұлттық сарапшылары жеке зертхана нәтижелерінің негізінде Жайық өзеніндегі мүмкін ластағыштарды анықтау үшін жуырдағы су сынамаларының талдау нәтижелерін ұсынды. Қазіргі уақытта мемлекеттік органдар бұл оқиғаның мүмкін себептері бойынша тергеу жүргізіп жатыр.
Іс-шара жасыл экономика қағидаларын насихаттау және экологиялық қауіпсіздікті нығайту үшін тұрақты даму қағидаларын енгізу жөніндегі бағдарламалар Офисінің ұзақ мерзімді жұмысының бір бөлігі болып табылады.