Қазақстанның ауылдық өңірлеріндегі әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту ЕҚЫҰ оқу семинарының назарында
Ауылдық өңірлердегі әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту ЕҚЫҰ 2019 жылдың 29 наурызында Шымкент қаласында Бағдарламалар офисі тең ұйымдастырған екікүндік оқыту семинары мен дөңгелек үстелдің басты назарында болды.
Іс-шараны ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Қазақстанның кәсіпкер әйелдерінің одағымен бірлесіп, 45-ге жуық Парламенттің, облыс әкімдігінің, Қазақстан «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, азаматтық қоғамның өкілдері және Түркістан облысының ауылдық өңірлерінен келген кәсіпкер-әйелдері үшін ұйымдастырды.
Қатысушылар бизнесті қолдау бойынша ағымдағы мемлекеттік бағдарламаларын, іскерлік жобаларды жүзеге асыру барысында әйелдер тап болатын сын-тегеуіріндерді, сондай-ақ несие алу үшін қаржылық және басқару дағдыларын алудың маңыздылығын талқылады. Талқылау Түркістан облысының әйелдері басшылық ететін кәсіпорындарға барып келумен толықтырылды, және де өңірде бизнесті жүргізу кезіндегі негізгі сын-қатерлерді баяндады.
Аталған іс-шара Бағдарламалар офисінің гендерлік ұстанымды және қабылдаушы елдегі экономикалық мүмкіндіктерді кеңейтуді ілгерілетуге бағытталған көпжылдық жұмысының құрамдас бөлігі болып табылады.