ЕҚЫҰ Қазақстанда су ресурстарын бірігіп басқару жөніндегі өңірлік конференцияны қолдайды
2017 жылы 7 қыркүйекте Алматы қаласында ЕҚЫҰ қолдауымен Орталық Азиядағы трансшекаралық су ынтымақтастығы жөнінде өңірлік конференция өтті.
Іс-шараны Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Қазақстан Республикасында Халықаралық Аралды құтқару қорының (ХАҚҚ) Атқарушы дирекциясымен, Қазақ ұлттық аграрлық университетімен және ҚР Білім және ғылым министрлігінің География институтымен әріптестікте ұйымдыстырды.
Қазақстан Парламентінің, Орталық Азияның барлық бес елінің су ресурстарын басқару жөніндегі ұлттық органдарының, сонымен қатар су айдыны кеңестерінің, азаматтық қоғамның, академиялық топтар мен халықаралық ұйымдардың шамамен 100 өкілі су ресурстарын басқару, гидротехникалық құрылыстар қауіпсіздігі мен климаттың өзгеру тұрғысынан төтенше жағдайлардың алдын алу саласында тәжірибемен бөлісті. Қатысушылар жерді пайдалану және суару мақсатында су ресурстарын басқару мәселелеріне қатысты Орталық Азияның негізгі сын-қатерлері мен мүмкіндіктерін қарастырды және мүдделі мемлекеттер ықтымақтастығының келелі мәселелерін талқылады.
Бұл іс-шара Офистің су ресурстарын бірге басқару қағидаттарын енгізу және трансшекаралық су ынтымақтастығын жылжыту жөніндегі ұзақ мерзімді күш салуының бөлігі болып табылады.