“Сот төрелігіндегі әйелдер: бірлестік арқылы кәсіби даму” Орталық Азия диалог алаңы
Қыркүйектің 11-і, 2025 Астана қаласында “Әйелдер қауымы сол төрелігі салсында: Бірлестік арқылы кәсіби даму” халықаралық Орталық Азия диалог алаңы өткізілді. Бұл ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисі, Қазақстан Республикасының Конституциялық Cоты және Жоғарғы Cотымен бірлесіп Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шара.
Бағдарламаның ресми ашылуы басталмас бұрын, диалог алаңының қатысушылары үшін “Women in Justice Empowerment” атты таңғы ас ұйымдастырылды. Бұл кездесу сот төрелігі саласындағы әйелдер арасында пікір алмасуға, алдағы пікірталастардан күтетін нәтижелерді талқылауға, сондай-ақ болашақтағы ынтымақтастықтың бағыттары мен идеяларын қарастыруға мүмкіндік берді.
Диалог алаңы сот және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік мекемелердің, халықаралық ұйымдардың және азаматтық қоғамның жоғары лауазымды өкілдерін қоса алғанда, 72 қатысушыны (66 әйел және 6 ер адам) жинады.
Қазақстан Конституциялық Сотының Төрағасы Эльвира Әзімова құттықтау сөзінде,әйелдердің сот төрелігінің барлық дейгейінде тең өкілдік етуін қамтамасыз ету тиімді сот жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі екендігіне назар аудартты. Сонымен қатар, әйелдер қоғамдық ұйымдарының сот төрелігі саласындағы проблемаларды еңсеру және осы бағытта нақты заңнамалық бастамаларды әзірлеу жөніндегі іс-қимылдарының бірыңғай тетігін әзірлеу қажеттілігін атап өтті.
Қазақстан Жоғарғы Сотының Төрағасы Асламбек Мерғалиевтің құттықтау сөзінде, елдегі судьялардың 54%-ын әйелдер құрайды – бірінші сатыдағы соттарда бұл көрсеткіш 56%, апелляциялық соттарда 44%, ал кассациялық соттарда 63% жетеді. Жоғарғы Соттың өзінде де гендерлік теңдікке қол жеткізілген: 46 судьяның 23-і – әйелдер, олардың қатарында Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрайымы да барына ерекше мән берді.
Жиырма бес жылдығын атап отырған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің «Әйелдер. Бейбітшілік. Қауіпсіздік» 1325-қаулысын іске асыру жөніндегі ұлттық іс-әрекет жоспарына Орталық Азиядағы әділет және қауіпсіздік саласындағы әйелдер қауымдастығын құру жөніндегі бастаманы енгізудің маңыздылығын ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисінің Басшысы, Елші Алексей Рогов баса айтты.
Іс-шараның құрметті спикерлерініңқатарына құқық арқылы демократия үшін Еуропалық комиссияның Президенті (Венеция комиссиясы) Клер Бази-Малори, Ұлыбританияның округтік сотының отставкадағы судьясы және Қамқоршылық сотының судьясы Маргарет Глентворт, Ұлыбританияның округтік сотының судьясы Сот төрелігі саласындағы әйелдер қауымдастығының өкілі Рэйчел Карп және Халықаралық Сот әкімшілігі қауымдастығының (IACA) Президенті Памела Харрис қатысты.
Орталық Азия елдерінің сот жүйесіне әйел өкілдері диалог алаңының жұмысына ерекше үлесін қосты. Олардың қатарында: Өзбекстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі уәкілі (Омбудсмені) Феруза Эшматова; Өзбекстан Республикасының Жоғарғы Сотының судьясы Дилбар Исраилова; Тәжікстан Республикасының Жоғарғы Сотының бұрынғы судьясы, Судьялар одағының атқарушы директоры Саломат Хакимзода; сондай-ақ Қырғыз Республикасы Әйел-милиционерлер қауымдастығының басшысы, отставкадағы милиция полковнигі, профессор Каана Айдаркул.
Қырғыз Республикасының Конституциялық Сотының судьясы, Қырғыз әйел-судьялар қауымдастығы мен Халықаралық әйел-судьялар қауымдастығының мүшесі Чинара Айдарбекованың сөзі ерекше назар аудартты. Өзінің баяндамасында ол менторлық пен тәжірибе алмасу бағдарламаларының маңыздылығын атап өтіп, Қырғызстандағы осы бағыттағы бастамалар мен әйелдердің осал топтардың әділеттілікке қол жеткізуіне белсенді қатысу тәжірибесімен бөлісті.
Диалог алаңының бағдарламасына сот төрелігіне тең қол жеткізуді және адам құқықтары мен бостандықтарын тиімді қорғауды қамтамасыз ету және гендерлік перспективаларды ескеру мәселелері, менторлық және тәжірибе алмасу бағдарламалары, сондай-ақ әйелдердің сот төрелігіне қол жеткізу мәселелері бойынша өңірлік ынтымақтастық құру тәсілдерін талқыланған үш сессия кірді.
Қазақстан және Орта Азиядағы сот төрелігіндегі әйелдер үшін білім алмасу мен құқықтық реформаларды ілгерілетуге арналған тұрақты алаң бола алатын Әйелдер сот төрешілері қауымдастығын құру бастамасына ерекше назар аударылды. Осыған байланысты, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисінің құқықтық мәселелер жөніндегі үйлестірушісі, Евгения Оралова ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисі әзірлеген“Сот төрелігіндегі әйелдер қауымдастығын құру” атты нұсқаулықты ұсынды.
Іс-шараның қорытындысы ретінде сот төрелігіне тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге, сот жүйесіндегі әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейтуге және гендерлік-сезімтал тәсіл арқылы бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға деген ұмтылысты растайтын бірлескен мәлімдеме қабылданды.
Бұл іс-шара Офистің “Қазақстандағы сот төрелігі жүйесінің тиімділігін арттыру” бюджеттен тыс жобасы аясында Норвегия, Польша және Америка Құрама Штаттары үкіметтерінің қолдауымен іске асырылды.