ЕҚЫҰ және ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия Қазақстан қалалары мен ауылдарында құқықтық мәдениетті нығайтуда

2025 жылы ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисі Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссиясымен және ICMPD/BOMCA-мен бірлесіп, Қазақстанның төрт өңірінде үш күндік оқыту семинарларының сериясын аяқтады. Іс-шаралардың мақсаты: облыс орталықтары мен ауылдарда жергілікті билік органдары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, әлеуметтік қызметтер, үкіметтік емес ұйымдар, шағын және орта бизнес өкілдері мен академиялық қауымдастық арасында адам құқықтарын ұлттық және халықаралық қорғау механизмдері туралы хабардарлықты арттыру.
Офис пен ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі Комиссия атынан Комиссия төрағасының орынбасары Тастемір Дәүітұлы Әбішев, осы бастаманы он жылдан бері қолдап келеді. Аталған бастама аясында әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау, тұрмыстық зорлық-зомбылық пен адам саудасы құрбандарына қолдау көрсету, еңбек заңнамасындағы өзекті өзгерістер мен еңбек және әлеуметтік қақтығықтардың алдын алу мәселелері талқыланады.
Биылғы іс-шаралар аясында Алматы қаласы (Алматы қ., Наурызбай ауданы, ҚР ІІМ Алматы академиясы), Жамбыл облысы (Тараз қ., Сарыкемер а., Бауыржан Момышұлы а.), Қостанай облысы (Қостанай қ., Рудный қ., Әулиекөл а.) және Ақтөбе облысы (Ақтөбе қ., Қобда а., ҚР ІІМ Ақтөбе заң институты) бойынша 871 қатысушы (405 әйел және 466 ер адам) қамтылды.
Хельсинки Қорытынды актісіне сәйкес, оған қатысушы мемлекеттер адамдардың «өз құқықтары мен міндеттерін білу құқықтарын» растайды. Осы өңірлік семинарлар әрбір адамның негізгі бостандықтары туралы ақпараттылықты арттырады. ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисінің Басшысы міндетін атқарушы Юрий Фенопетов үш өңірге сапары барысында келесіні атап өтті: «Біздің жұмысымызда әсіресе халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарына: әйелдерге, балаларға, мигранттарға, азаматтығы жоқ адамдарға және мүгедектігі бар жандарға ерекше назар аударылады. Бұл топтар ерекше қорғауды қажет етеді, сондықтан олардың құқықтарын қамтамасыз ету мемлекеттік саясат пен құқық қорғау органдарының басты басымдығына айналуы тиіс.»