ЕҚЫҰ Қазақстанның Шекара қызметіне К-9 бағдарламасының іске асыру мүмкіндігін бағалау есебін ұсынды

2025 жылғы 27 мамырда ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисі (Офис) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне «К-9 бағдарламасы/Күшіктерді дамыту» тақырыбындағы қажеттіліктер мен іске асыру мүмкіндігін бағалау жөніндегі есепті ресми түрде ұсынды. Ұлыбритания сарапшыларының қолдауымен әзірленген есеп Қазақстанда шекара қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған бастамаларды ЕҚЫҰ тарапынан қолдаудың жалғасы.
Есеп 2025 жылғы сәуір айында Алматы қаласындағы орналасқан Шекара қызметінің Қараой К-9 оқу орталығына жасалған сараптамалық сапар қорытындылары негізінде әзірленді. Онда қызметтік иттерді өсіру тәжірибесін, кинологиялық орталықтың инфрақұрылымын және қызметтік иттердің операциялық дайындық деңгейін жетілдіру бойынша стратегиялық ұсынымдар берілген. Құжат Қазақстанның К-9 әлеуетін заманауи қауіпсіздік қатерлері мен трансұлттық қауіптерге тиімді әрекет ету үшін ұзақ мерзімді әрі орнықты негізде дамытуға бағытталған.
«Бұл есеп тек техникалық бағалаудың аяқталуын ғана емес, сонымен қатар ЕҚЫҰ мен Қазақстанның Шекара қызметі арасындағы қазіргі заманғы, бейімделгіш және орнықты қауіпсіздік институттарына инвестиция салу жөніндегі ортақ көзқарасты білдіреді», – деп атап өтті Ярослав Курек, Кеңсе атынан сөйлеген жоба жетекшісі.
Құжат болашақта атқарылатын бірқатар іс-шараларға негіз болмақ. Атап айтқанда, қызметтік иттерді беру, кинологиялық инфрақұрылымды мақсатты түрде қолдау, оқыту мен халықаралық тәжірибе алмасу бағыттарында бірлескен жұмысты жалғастыру жоспарлануда.
Бұл бастама Кеңсенің «Қазақстан Республикасындағы қазіргі заманғы қауіпсіздік қатерлерін жою» атты бюджеттен тыс жобасы аясында іске асырылуда. Жоба шекара қауіпсіздігін кешенді түрде қамтамасыз етуді, соның ішінде халықаралық стандарттарға сай арнайы қызметтер мен инфрақұрылымды дамыту арқылы қолдауға бағытталған.
ЕҚЫҰ институционалдық тұрақтылықты нығайту, сондай-ақ қауіпсіздік саласындағы өзекті және туындайтын қатерлеріне тиімді әрі заманауи шешімдерді енгізу мәселелерінде Қазақстанның шекара қызметінің қолдауына берік болып қала береді.