Апаттар қаупін азайту саласындағы әлеуетті арттыру: ЕҚЫҰ Қазақстанда интерактивті карта мен цифрлық қауіпсіздік паспорттарын пайдалану бойынша мамандарды оқытуға жәрдемдесті
2025 жылғы 12-23 мамыр аралығында Алматыда "цифрлық қауіпсіздік паспорты" және "интерактивті карта" жүйелерін пайдалану және жаңарту бойынша мамандандырылған семинардың екі раунды өтті.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігімен (ТЖМ) және Төтенше жағдайлар және табиғи апаттар қаупін азайту орталығымен бірлесіп ұйымдастырылды. Төтенше жағдайлар және табиғи апаттар қаупін азайту орталығы төтенше жағдайлардың туындау қаупін азайтудың, олардың зардаптарын азайтудың тиімді тетіктерін іске асыру және өңірлік және халықаралық ынтымақтастық арқылы бірлесіп әрекет ету шараларын үйлестіру үшін құрылған тұрақты жұмыс істейтін үкіметаралық орган болып табылады. Іс-шара ТЖМ-нің 20 аумақтық департаменттер, Төтенше жағдайлардың алдын алу комитетінен, Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығынан және ТЖМ-нің Ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс департаментінен 25 төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі мамандарды біріктірді.
2023 жылдан бастап ТЖМ және Төтенше жағдайлар және табиғи апаттар қаупін азайту орталығымен бірлесіп "интерактивті карта мен цифрлық қауіпсіздік паспорттарын даярлау арқылы Қазақстанның климаттың өзгеруіне бейімделу және табиғи апаттар қаупін азайту жөніндегі әлеуетін нығайту" атты жобаның тұсауын кесті. Бұл жобаның мақсаты төтенше жағдайлардың алдын алу мамандарын нақты уақыт режимінде табиғи немесе техногендік катаклизмдер мен төтенше жағдайларды бақылауға және болжауға мүмкіндік беретін ақпараттық технологияларды қолдана отырып, кешенді шешім ұсыну болды.
Ағымдағы жылы Офис осы жүйелерді ТЖМ-ға ресми түрде тапсырды және әзірленген жүйелерді кеңейтуге және жетілдіруге, сондай-ақ цифрлық қауіпсіздік паспорттарын жүргізуге жауапты мамандарды оқытуға жәрдемдеседі.
Төтенше жағдайлар және табиғи апаттар қаупін азайту орталығы директорының орынбасарының міндетін атқарушы Айбол Ақпаров табиғи және техногендік төтенше жағдайларды мониторингілеу мен болжаудағы қауіпсіздік паспорттарының шешуші рөлін атап өтті: "цифрлық қауіпсіздік паспорттарының деректер базасында карталау және модельдеу бойынша басқа жүйелер ұлғайтылып, төтенше жағдайларды талдау бойынша жүйелер біртіндеп ұлғаятын болады. Маңыздылығын түсініп, енді аумақтық департаменттер мамандары деректерді мұқият және дұрыс толтырады. Толтырылған деректерді талдау және пайдалану да жеңілдейді".
Екі бес күндік семинарлардың негізгі мақсаты "цифрлық қауіпсіздік паспорты" және "интерактивті карта" жүйелері шеңберінде бағалаудың, талдаудың және тәуекелдерді басқарудың цифрлық құралдарын қолдану саласындағы ТЖМ қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру, сондай-ақ осы шешімдерді толыққанды енгізу үшін оларды өңірлік және ұлттық деңгейлерде тиімді пайдалану дағдыларын дамыту болды. Іс-шараның әр күні белгілі бір блоктардың немесе қосымшалардың мүмкіндіктерін ұсынуға және талдауға, жүйелер арасындағы навигацияның практикалық жұмысына және жүйелерді іргелес жүйелермен біріктіруге арналды.
Тренингтің құрылымдық және интерактивті форматының арқасында барлық қатысушылар қорытынды практикалық жұмысты сәтті орындады және енді өз әріптестерін жүйелерді тиімді пайдалануға үйрете алады. Бұл тренинг сонымен қатар барлық аумақтық мамандар арасында білім алмасу және жүйелерді жақсарту бойынша практикалық ұсынымдар әзірлеу алаңына айналды, бұл Қазақстанның шұғыл ден қою инфрақұрылымы шеңберінде төтенше жағдайларды басқарудың осы аса маңызды құралдарын үздік бейімдеуді және орнықты енгізуді қамтамасыз етеді.