Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі қылмыстық сот төрелігін дамыту жөніндегі талқылауға қолдау көрсетуде
Қылмыстық саясаттың тиімділігін арттырудың қазіргі заманғы тәсілдемелері ЕҚЫҰ қолдауымен 2019 жылдың 6 наурызында Алматы маңындағы Ақ Бұлақта басталған екі күндік конференцияның тақырыбы бодды.
Екі күндік іс-шараны ЕҚЫҰ Астанадағы Бағдарламалар офисі Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Конституциялық Кеңесі және Жоғарғы Сотымен бірлесіп, Германияның Халықаралық құқықтық ынтымақтастық қорының қолдауымен ұйымдастырды.
60-қа жуық қатысушы, оның ішінде мемлекеттік және құқық қорғау органдарының жоғары лауазымды өкілдері, судьялар, ғылыми қауымдастық, адвокаттар алқасы, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ жергілікті сарапшылар және Германиядан келген құқық мәселелері жөніндегі сарапшылар қылмыстық процесті жетілдіру мәселелерін талқылады.
Қатысушылар сотқа дейінгі іс жүргізудің қолданыстағы тәжірибелері, қылмыстық іс жүргізудегі бәсекелестік қағидатын қамтамасыз етудегі негізгі тегеуріндер және судьяларды конкурстық іріктеуідегі жаңа тәсілдер туралы сөз қозғады. Азаматтарды сот төрелігін жүзеге асыруға қатыстыруға, соның ішінде Қазақстанда сот алқасының қолданылуын кеңейту тақырыбына ерекше назар аударылды. Сарапшылар қылмыстық іс жүргізудегі процессуалдық кепілдіктер мен адам құқықтарын қорғау туралы өз ойларымен бөлісті.
Бас прокуратура өкілдері қылмыстық және қылмыстық-іс жүргізу заңнамасын жетілдіру туралы заң жобасының тұжырымдамасын ұсынды.
Іс-шара Бағдарламалар офисінің Қазақстандағы қылмыстық сот төрелігін реформалауды қолдаудағы ұзақ мерзімді жұмысының құрамдас бөлігі болып табылады.