Қазақстандағы экологиялық мәселелер ЕҚЫҰ оқыту семинарының назарында
2019 жылғы 23 ақпанда Павлодар қаласында Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі қоғамның экологиялық маңызды шешімдерді қабылдау үрдісіне қатысуына арналған құрал ретінде қоғамдық тыңдауларды өткізу және оларға мониторинг жүргізу жөнінде оқыту семинарды қолдады.
Іс-шараны Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі Павлодарлық Орхус орталығымен ынтымақтастықта 20 экологиялық ҮЕҰ мүшелері, журналисттер және студенттер үшін ұйымдастырды. Оқыту семинары Орхус конвенциясының негізгі қағидалары, Қазақстан азаматтарының экологиялық құқықтары және қоғамдық тыңдауларға қатысу рәсімдері сияқты тақырыптарды қамтыды.
Қазіргі таңда Павлодарлық Орхус орталығы қоғамдық тыңдауларға мониторинг жүргізу жөнінде талдамалы есепті әзірлеуге қатыстырылған. Құжат алты айлық қоғамдық тыңдаулардың мониторингінің нәтижелерінен және қоғамдық тыңдауларға дейін, тыңдаулар кезінде және олардан кейін ұсталынуы тиіс рәсімдердің қадамдық тізімінен тұрады. Сонымен қатар, құжатта қоғамдық тыңдауларды ұйымдастыру кезінде заңнама талаптарын ұстанудағы мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар мен нақты рәсімдік шаралар қамтылатын болады.
Іс-шара тиісті экологиялық басқаруды ілгерілетуде және Орхус конвенциясы бойынша қабылдаушы елдің міндеттемелерін орындауда оған көмек көрсетудегі Бағдарламалар офисінің көпжылдық қызметінің бөлігі болып табылады.