ЕҚЫҰ көшбасшылық және әйелдердің саясатқа қатысуы жөніндегі оқыту семинарына қолдау көрсетуде
Әйелдердің саяси үрдістерде, мемлекеттік шешімдерді қабылдауда және жетекшілік лауазымдарға орналасу үшін кәсіби дағдыларды жетілдіру әдістеріндегі рөлі 2019 жылдың 28 қаңтарында Шымкент қаласында аяқталған оқыту семинарының басты назарында болды.
Үш күндік іс-шараны Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің қолдауымен «Әйелдер ресурстық орталығы» мемлекеттік емес ұйымы ұйымдастырды. Оқыту семинарына жергілікті билік органдарының, бизнес құрылымдарының, қоғамдық бірлестіктердің 25 өкілі және Түркістан облысындағы жоғары оқу орындарының білім алушылары қатысты.
Семинардың мақсаты көшбасшылықтың негізгі компоненттері, саяси науқандардың құралдары мен стратегиялары, этикалық саясат туралы қатысушылардың хабардарлық деңгейін арттыру, сондай-ақ келіссөз жүргізу және тиімді қарым-қатынас құру дағдыларын дамыту және қолдану болды.
Осы іс-шара қабылдаушы елде гендерлік тәсілдемені алға жылжытуға және экономикалық бастамаларды кеңейтуге бағытталған Бағдарламалар офисінің көп жылдық жұмысының бөлігі болып табылады.