ЕҚЫҰ Адам құқықтары декларациясының 70 жылдығына орай Қазақстанда Жастар құқықтық форумын қолдауда
Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 70 жылдығына орай адам құқықтары мен ұлттық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері тақырыбындағы ЕҚЫҰ қолдауымен өткен жастар құқықтық форумы 2018 жылы 12 желтоқсанда Астана қаласында өз жұмысын қорытындылады.
Форумды Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі мен М.Нәрікбаев атындағы ҚазГЗУ университеті Сорос-Қазақстан Қорының қолдауымен ұйымдастырды.
Үш күндік іс-шараға Әзербайжан, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова және Украинадан келген заң факультеттерінің 50-ге жуық студенті, сондай-ақ халықаралық және ұлттық заң сарапшылары қатысты. Олар азаматтық, саяси, әлеуметтік және экономикалық құқықтарды қорғауға қатысты мәселелердің кең ауқымын, соның ішінде саясатқа қатысу, діни және/немесе сенім бостандығын қамтамасыз ету, радикалдану мен төзімсіздікті болдырмау, агрессиялық қылмыстарға қарсы тұруға байланысты халықаралық адам құқықтары заңнамасы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша адам құқықтарына негізделген тәсілдемелерді талқылады..
Іс-шара аясында заң факультеттері студенттеі арасында сайыс өткізіліп, оның қатысушылары жаһандық қауіп-қатерлер тұрғысынан адам құқықтарын лайықты қорғаудағы қажетті қабылданатын шараларға қатысты өздерінің ойлары мен дәлелдерін ортаға салды.
Бағдарламалар офисі жастар арасындағы адам құқықтары саласындағы білім беру мен хабардарлықты арттыру жөніндегі ұзақ мерзімді күш-жігерінің бөлігі ретінде осымен 12 жыл қатар жастар құқықтық форумына қолдау көрсетуде.