ЕҚЫҰ Қазақстанда генетикалық өзгертілген ағзалардың босатылуын және нарықта сатылуын реттеу бойынша дөңгелек үстелді қолдайды
2018 жылдың 20 қарашасында Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Астана қаласында дөңгелек үстелді өткізуге қолдау көрсетті, оның аясында генетикалық өзгертілген ағзалардың (ГӨА) – генетикалық материалы гендік инженерияның көмегімен өзгертілген кез келген ағза немесе микроағза, солардың ішінде ауылшаруашылық өнімдерінің босатылуын және нарықта сатылуын реттеу бойынша Қазақстанның жасаған әрекеттері талқыланды.
Қазақстан және Украинаның сарапшылары Қазақстанның қолданыстағы заңнамасының қажетті өзгертулер бойынша талдауын ұсынды, ГМА бойынша түзету ретінде белгілі «Генетикалық өзгертілген ағзаларды қасақана босатуға және нарықта сатуға қатысты шешімдерге жұртшылықтың қатысуы» атты Орхус конвенциясына түзету ратификацияланған жағдайда, елге бұл өзгертулерді енгізу қажет болады.
ГМА бойынша түзету ГМА қасақана босатуға қатысты шешімдерді қабылдауға жұртшылықтың қатысуы бойынша талаптарды қарастырады. Ол денсаулық, биоалуантүрліліктен айырылу және азаматтардың экологиялық құқықтары жөніндегі қоғамдық мүдделерді білдіретін мәселелерді шешуге бағытталған.
Түзету ГМА бойынша шешімдерді қабылдауға жұртшылықтың тиімді қатысуын қамтамасыз ету үшін реттеудің айқын шектерін қамтамасыз етеді. Бұл адамдарға шешімнің қабылдануына дейін ақпаратқа ерте қол жеткізу және шешім бойынша өз пікірін айту мүмкіндіктерін ұсынудың тиімді тетігін қамтиды.
Қазақстан Парламентінің ратификациялауы ГМА бойынша түзету талаптарының орындалуын қамтамасыз ету үшін елдің заңнамасын одан әрі өзгертуді талап етеді.
Іс-шараны Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Энергетика министрлігімен серіктестікте ұйымдастырды және оған мемлекеттік органдардан, ғылыми-зерттеу институттарынан және сарапшылар қоғамдастығынан келген 20 жуық қатысушы тартылды. Ол тиісті экологиялық басқаруды алға жылжыту және Орхус конвенциясы бойынша міндеттемелерді орындауға қабылдаушы елге жәрдемдесу бойынша Бағдарламалар офисінің көп жылдық қызметінің бөлігі болып табылады.