ЕҚЫҰ Қазақстанда Ұлттық банктің қызметкерлерін ақшаның жылыстауымен және лаңкестікті қаржыландырумен күресу әдістері бойынша оқытуда
Ақшаның жылыстауына және лаңкестікті қаржыландыруға қарсы әрекет ету (АЖ/ЛҚҚ) саласында қаржы ұйымдарын қадағалаудағы тәуекелге бағдарланған тәсілді қолдану жөніндегі Қазақстан Ұлттық банкінің қызметкерлеріне арналған екі күндік оқыту семинары Алматыда 2018 жылдың 1 қарашасында аяқталды.
Гернси және Лихтенштейннен келген сарапшылар іс-шараны өткізіп, Қазақстан Ұлттық банкінің 20-ға жуық қатысушысын халықаралық стандарттарға сәйкес АЖ/ЛҚҚ саласында қадағалау тәжірибесімен таныстырды.
Қатысушылар АЖ/ЛҚҚ саласындағы тәуекелге бағдарланған қадағалаудың негізгі сипаттамаларын, әлеуетті тәуекелдерді анықтау және оларды жеңілдетуге арналған алдын алу шараларын қолдану тәсілдерін зерттеді.
Сонымен қатар оқыту семинары Қазақстан Ұлттық банкінің АЖ/ЛҚҚ саласында қадағалауды жүзеге асырудың ағымдағы тәжірибесінің, соның ішінде тәуекелдерді бақылаумен және одан кейінгі іс-әрекеттерді қолданумен байланысты аспектілердің талқылауын қамтыды.
Іс-шараны Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Қазақстан Ұлттық банкімен бірлесіп ұйымдастырды.
Ол тиісті басқаруды ілгерілету және ақшаның жылыстауымен және лаңкестікті қаржыландырумен күресу бойынша Бағдарламалар офисінің көп жылдық күш-жігерінің бөлігі болып табылады.