ЕҚЫҰ Қазақстанда Ауыл әйелдерінің бірінші форумын қолдауда
Ауылдық өңірлердің тұрақты дамуына әйелдердің үлесі 2018 жылы 9 қарашада Астанада аяқталған Ауыл әйелдерінің бірінші форумының басты назарында болды.
Екі күндік іс-шараны Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің қолдауымен «EXPO & WOMEN» халықаралық ұйымы мен Еуропа қайта құру және даму банкі бірлесіп ұйымдастырды. Форумға Қазақстан Республикасының 14 облысынан келген орталық және жергілікті мемлекеттiк органдардың, қаржы мекемелері мен даму институттарының, бизнес-құрылымдарының, халықаралық ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің 250 өкілдері және делегациялары қатысты.
Форум «жасыл» экономика қағидаттарын жүзеге асыруда әйелдерді ынталандыруына, органикалық ауыл шаруашылығын дамытуына, сонымен қатар ауыл шаруашылығы өнеркәсібі кешенінің дамуы жөніндегі мемлекеттік бағдармаларды жүзеге асыру кезінде әйелдердің жетістіктері мен үлесін баса айтуына арналған алаң болды.
Аталған іс-шара Бағдарламалар офисінің гендерлік ұстанымды және қабылдаушы елдегі экономикалық мүмкіндіктерді ілгерілетуге бағытталған көпжылдық жұмысының құрамдас бөлігі болып табылады.