ЕҚЫҰ Қазақстандағы сайлау үрдісіндегі жаңа технологиялардың рөлі жөніндегі конференцияны өткізуге қолдау көрсетуде
Сайлау үрдісіндегі жаңа технологиялардың рөлі 2018 жылғы 1-2 қарашада Қазақстанның бас қаласында Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің қолдауымен Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) ұйымдастыруымен өткен халықаралық конференциясының басты назарында болды. Конференция ОСК-нің 20 жылдық мерейтойына арнап өткізілді.
Конференцияға ОСК, Парламенттің, мемлекеттік органдардың, саяси партиялардың, ҮЕҰ, дипломатиялық миссиялардың және халықаралық ұйымдардың, сонымен қатар орталық сайлау органдарының 15 елден келген 120 жуық сарапшысы мен өкілі қатысты.
Конференция сайлау барысында заманауи технологияларды пайдаланумен, қоғамның саяси үрдістерге сенімін арттырумен және сайлау үрдісін өткізуді жетілдірумен байланысты түрлі аспектілерді талқылауға арналған диалогтік алаңды құрды. Әзербайжаннан, Беларусьтен, Болгариядан, Грузиядан, Иорданиядан, Кореядан, Қырғызстаннан, Латвиядан, Литвадан, Молдовадан, Ресейден, Тәжікстаннан, Түркиядан, Үндістаннан және Эстониядан келген халықаралық сарапшылар мен орталық сайлау органдарының мүшелері өз елдерінде сайлау өткізудің үздік тәжірибесімен бөлісті.
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев, сайлау үрдісінде сандық технологияларды қолданумен байланысты ықтимал сын-тегеуріндер мен тәуекелдерді ескере отырып, халықаралық қауымдастықтың киберкеңістіктегі айла-амалдардан ұлттық сайлауды қорғау мақсатында халықаралық нормалар мен стандарттарды әзірлеуі тиіс екенін мәлімдеді. Ол мұндағы ЕҚЫҰ ерекше рөліне назар аударды.
Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің басшысы Дьердь Сабо: «Бүгінгі таңда жаңа технологиялар сайлау үрдісінің барлық кезеңдерінде белгілі бір дәрежеде іске қосылады. Халықтың сайлау кезінде қолданылатын заманауи технологияларға сенімін арттыру үшін жалпылық, теңдік, әділдік, құпия, еркіндік, айқындылық және есеп беру міндеттілігі қағидалары өзекті болып қалып, қолданылатын заманауи технологиялардың нысанына қарамастан орындалуы тиіс» – деді.
Іс-шараға ЕҚЫҰ қағидаларына және міндеттемелеріне сәйкес сайлау үрдістерінің айқындылығын және есеп беру міндеттілігін арттыру және демократиялық институттарды нығайту бойынша Бағдарламалар офисінің ұзақ мерзімді жұмысының бір бөлігі болып табылады.