Дереккөздер
Қазақстандағы ЕҚЫҰ өкілдігінің жиырма жылдығын атап өту
24 қазан 2018
Қазақстандағы ЕҚЫҰ өкілдігінің жиырма жылдығын атап өту 2018 жылғы 10-11 қазан аралығында ЕҚЫҰ Бас Хатшысы Томас Гремингердің Астанаға ресми іссапарының басты назарында болды. Іссапар барысында ол Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен және Парламент пен министрліктердің жоғары лауазымды тұлғаларымен кездесті.
ЕҚЫҰ Бас Хатшысы Томас Гремингер Қазақстанның Бірінші Президенті – Елбасы Кітапханасында өткен Астанадағы ЕҚЫҰ дала миссиясының өкілдігінің 20 жылдығына арналған конференцияға қатысты. Іс-шара ЕҚЫҰ қауіпсіздігінің барлық үш өлшемінде, әскери-саяси, экономикалық-экологиялық және адами өлшемдеріндегі бағдарламалық жетістіктерін атап өтті.
Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі терроризмге алып келетін зорлық-зомбылық сипатындағы экстремизм және радикализациямен күрес, тұрақты дамуды ілгерілету, қолайлы инвестициялық климатқа қолдау көрсету және заң әділдігін нығайту, адам құқықтары, пікір білдіру бостандығы және дін немесе діни ұстаным бостандығы мәселелері бойынша Қазақстан Үкіметінің жұмысын қолдайды.
Сонымен бірге Бас Хатшы Қазақстанның азаматтық қоғам басшыларымен, Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі қызметкерлерімен және де жергілікті журналисттермен кездесті.