ЕҚЫҰ Қазақстанда органикалық ауыл шаруашылығын дамыту жөніндегі дөңгелек үстелді қолдауда
Жақында қабылданған органикалық өнеркәсіп және сертификацияның ұлттық стандартына баса назар аударып, Қазақстанда органикалық ауыл шаруашылығын дамыту бастамаларын талқылау жөніндегі қорытынды үшінші дөңгелек үстел ЕҚЫҰ қолдауымен 2018 жылғы 23 қазанда Астанада аяқталды.
Парламент, Ауыл шаруашылығы министрлігі, азаматтық қоғам және бизнес қауымдастықтың 35-ке жуық өкілдері Қазақстанда органикалық өнеркәсіпті дамыту бойынша негізгі мәселелерді талқылап, Парламентке бірнеше топ ұсыныстарды енгізді.
Германиядан келген сарапшылар Еуропалық одақта органикалық өнеркәсіп саласындағы өзінің тәжірибесін ұсынып, органикалық ауыл шаруашылығын тиімді дамыту үшін стимулдарды әзірлеуде үкіметтің рөлін атап өтті.
Іс-шара «Жасыл» экономика және G-Global дамуды қолдау коалициясы және Қазақстан-Германия аграрлық-саяси диалогымен бірлесіп ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел Алматы және Қостанай облыстарында өткен органикалық ауыл шаруашылығы халықаралық стандарттары бойынша оқытушылар үшін тренингтер сериясының жалғасы болып табылады.
Аталған іс-шара қабылдаушы елдегі тұрақты даму және жасыл өсуге бағытталған Офистің көпжылдық жұмысының бір бөлігі болып табылады.