ЕҚЫҰ Қазақстанда пікір білдіру еркіндігі және өшпенділік тіліне жол бермеу бойынша журналисттерге арналған тренинг ұйымдастыруда
Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі «Құқықтық медиа-орталық» ҮЕҰ бірлесе отырып ұйымдастырған интернеттегі пікір білдіру еркіндігі және өшпенділік тіліне қарсы тұру саясаты бойынша іс-шарасы 2018 жылғы 5 қазанда Орал қаласында өткізілді.
Жиырмаға жуық журналисттер, азаматтық қоғам өкілдері және университеттің студенттері БАҚ пен өшпенділік тіліне қарсы тұру саясатының арасындағы байланысты және үкімет, азаматтық қоғам және бұқаралық ақпарат саласында жұмыс істейтін ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайту жолдарын талқылады. Қазақстандық ұлттық сарапшылармен бірге қатысушылар журналистер пайдаланатын лексика үрдістерін анықтау үшін бірқатар арнайы таңдалған электрондық ресурс пен баспа БАҚ талдады. Өмірлік жағдайлардан алынған бұл зерттеулер қатысушылар үшін БАҚ стереотиптердің бұзушы әсерімен танысуға мүмкіндік берді.
Іс-шара журналистерді БАҚ беттерінде және интернетте өшпенділік тілімен күресу әдістеріне және интернет ортаның әлеуетті теріс әсерін және деструктивті қылықтарын, соның ішінде троллингті, кибербуллингті және өшпенділік тілін азайту механизмдеріне үйретуге бағытталған.
Бұл семинар осы жылы Қостанай мен Қарағандыда өткізілген ұқсас іс-шаралардың жалғасы болып табылады.
Іс-шара Офистің ЕҚЫҰ ұстанымдары мен міндеттемелеріне сәйкес БАҚ еркіндігін және сөз еркіндігін ілгерілету қызметінің құрам бөлігі болып табылады.