ЕҚЫҰ Қазақстанда прокурорлар үшін БАҚ-пен өзара әрекеттесу бойынша оқыту семинарын ұйымдастыруда
2018 жылғы 5 қазанда Астананың жанындағы Қосшы ауылында ЕҚЫҰ қолдауымен ұйымдастырылған прокурорларға арналған БАҚ-пен өзара іс-қимыл жасау бойынша бес күндік оқыту семинары аяқталды.
Семинарда прокурорлар мен БАҚ арасындағы тиімді коммуникациялық стратегиялар, әр түрлі каналдар мен алуан түрлі мәнмәтіндер арқылы журналисттер мен жұртшылықпен өзара әрекеттесу бойынша ең үздік тәжірибелер сияқты тақырыптар талқыланды. Арнайы сессия жаңа медиа құралдар және әлеуметтік желілерді, соның ішінде баспасөз хабарламаларын дұрыс дайындау және баспасөз брифингтерін өткізу жөніндегі тәжірибелік жаттығуларды жүргізуге арналды.
Іс-шараға Қазақстанның барлық аймақтарынан келген жиырма беске жуық прокурорлар қатысты. Олар сұхбаттар мен баспасөз конференцияларына дайындалу, жұрт алдында сөз сөйлеу машықтарын жақсарту, сондай-ақ коммуникациялық науқандарды ұйымдастыру және шиеленіс жағдайларды шешу тәсілдерін үйренді.
ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисі және Бас Прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдарының академиясы бірлесіп ұйымдастырған іс-шара құқық қорғау органдары мен БАҚ арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған Бағдарламалар офисінің ұзақ мерзімді жұмысының бір бөлігі болып табылады.