ЕҚЫҰ Қазақстанда Орхус конвенциясын жүзеге асыру бойынша дөңгелек үстелді қолдауда
Қазақстанда Орхус конвенциясының ережелерін жүзеге асыру Астана қаласында 2018 жылғы 2 қазанда ЕҚЫҰ қолдауымен өткізілген дөңгелек үстелдің басты назарында болды.
Іс-шараны Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Энергетика министрлігі және Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы мемлекеттік органдардың, Орхус орталықтарының, экологиялық үкіметтік емес ұйымдардың, жеке меншік секторы мен сараптамалық қауымдастықтың шамамен 60-қа жуық өкілі үшін ұйымдастырды.
Қатысушылар Экологиялық кодекс концепциясының жобасын, Орхус конвенциясы Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркеліміннің (ЛШТТ) Хаттамасын және Генетикалық модификацияланған организмдер (ГМО) туралы Түзетулерді ратификациялау мүмкіндіктерін талқылады. Сонымен қатар, олар 2018-2020 жылдарға көзделген Қазақстанда Орхус орталықтарын дамыту жоспарын қарастырып, ақпаратқа қол жеткізуге, қоғамдастықтың шешімдер қабылдау процесіне қатысуға және қоршаған ортаға қатысты сот әдiлдiгiне қол жеткiзуге кедергі жасайтын ағымды мәселелерді талқылады.
Орхус конвенциясы БҰҰ 1998 жылы экологиялық ақпаратқа қол жеткізуге, қоғамдастықтың қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша шешімдер қабылдау процесіне қатысуға және қоршаған ортаға қатысты сот әдiлдiгiне қол жеткiзуге қатысты қабылданған маңызды құжат болып табылады. Орхус орталықтары азаматтарды, мемлекеттік органдарды және жеке секторды ұлттық және жергілікті деңгейлерде экологиялық мәселелер бойынша диалогқа тарту үшін платформаны қамтамасыз етеді.
Іс-шара Бағдарламалар офисінің тиімді экологиялық басқаруды ілгерілету және қабылдаушы елге оның Орхус конвенциясы бойынша міндеттемелерін орындауға көмек көрсету бойынша көп жылдық қызметінің бір бөлігі болып табылады.