ЕҚЫҰ Қазақстанның көліктегі полиция қызметкерлеріне тәуекелдерді профильдеуді үйретуді жалғастыруда
2018 жылдың 14 қыркүйегінде Ақтөбе қаласында ЕҚЫҰ қолдауымен ұйымдастырылған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатымен көлік нысандарында тәуекелдерді профильдеу бойынша бес күндік оқыту семинары аяқталды.
Іс-шараны Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен бірлесіп ұйымдастырды.
Семинарға Қазақстанның барлық өңірлеріндегі көліктегі полицияның және Ішкі істер министрлігінің Ақтөбе заң институтының 18 қызметкерлері мен оқытушылары қатысты.
Қазақстан психологтары ассоциациясының сарапшылары мен полиция қызметінің мәселелері бойынша ұлттық сарапшы қатысушыларды азаматтарға қатысты тәуекелдерді профильдеу негіздерімен және тарихымен, жолаушылардың жүріс-тұрыс түрлерін талдау әдістерімен, жолаушылар сауалнамасын жүргізу және жолаушылардың қатысуымен ықтимал қақтығыстарды шешу техникаларымен таныстырды.
Сарапшылармен ұйымдастырылған бірқатар тәжірибелік жаттығулар қатысушыларға жаңа дағдыларды қолдану мүмкіндігін берді.
Іс-шара қабылдаушы елдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында қауіпсіздікті нығайту, есеп берушілікті арттыру және ең озық тәжірибелерді ілгерілету бойынша Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі қызметінің құрамдас бөлігі болып табылады.