ЕҚЫҰ жарылғыш заттар бойынша Қазақстанда 10-шы жыл сайынғы өңірлік семинарды бірлесе ұйымдастырады
2018 жылдың 13 қыркүйегінде Астанада Орталық Азиядағы жарылғыш заттардың қаупін төмендету және оларға жауап беру бойынша ЕҚЫҰ-ның жыл сайынғы 10-шы өңірлік семинары аяқталды. Биылғы жылы іс-шара қолдан жасалған жарылғыш құрылғылардан (ҚЖЖҚ) туындатқан қауіп-қатерге, сондай-ақ оларға қарсы ең жақсы тәжірибеге арналды.
Ауғанстан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Украина және Өзбекстанның 60-қа жуық әскери және мемлекеттік қызметкерлері өздерінің стратегияларын ұсынды және жарылғыш заттармен күресу және ҚЖЖҚ-дан туындайтын қауіп-қатерлер туралы хабардар болуын арттыру үшін қажетті шараларды анықтады.
Біріккен Корольдіктің, Құрама Штаттары пен Біріккен Ұлттар Ұйымы агенттіктерінің сарапшылары озық тәжірибемен алмасып, осы саладағы өзекті мәселелерді талқылады. Тақырыптар қатары жарылғыш заттардың қаупін азайту жолындағы өңірлік ынтымақтастықты, ҚЖЖҚ-дан туындайтын қауіп-қатерлер түрлерін, гуманитарлық миналарды жою бойынша ҚЖЖҚ-мен байланысты мәселелерге және жеткізу механизмі ретінде кішігірім ұшқышсыз әуе кемелерін (дрондарды) пайдалану қауіп-қатерін және оларды ҚЖЖҚ қаупін жоюда пайдалану мүмкіндіктерін қамтыды.
«Қазақстан Республикасы әрқашан қару-жарақтарды бақылау саласында халықаралық өзара әрекеттестіктің дәйекті және белсенді қатысушысы болып қалады», - деп қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Талғат Мұхтаров атап өтті. «ЕҚЫҰ аймағында хабардарлықты арттыру және сенім және қауіпсіздік шараларын нығайту осы өзара әрекеттестіктің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады».
Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің басшысы Дьердь Сабо: «Әскери қызметкерлердің, қауіпсіздік қызметкерлерінің және азаматтық сектордың мамандарының қабілетін ҚЖЖҚ пайдалану қаупіне қарсы тұру мақсатында арттыру маңызды. Сарапшылардың, әсіресе өңірлік деңгейдегі тәжірибе алмасуы, осы жолда тиімді құралы болып табылады» - деді.
Душанбедегі ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің Миналарға қарсы қызмет бөлімінің басшысы Йохан Дал: «Орталық Азияда минаны тазарту және жарылғыш заттардың қаупін азайту бұрыннан бері әлеуетті арттыру, сондай-ақ үкіметтер, министрліктер мен түрлі мекемелер арасында тәжірибе алмасу арқылы ынтымақтастықтың ажырамас бөлігі болып табылады. Бұл 10-шы өңірлік семинар - бұл дәстүрге дәлел» - деп атап өтті.
Іс-шараны Қазақстанның Қорғаныс министрлігі, Астанадағы ЕҚЫҰ-ның Бағдарламалар офисі мен Душанбедегі ЕҚЫҰ-ның Бағдарламалар офисі ұйымдастырды.
Семинар ЕҚЫҰ-ның Орталық Азия мемлекеттері арасындағы жарылғыш заттарды жоюға қатысты проблемаларды және мәселелерді шешудегі ынтымақтастық тетігін дамытуд жолындағы ұзақ мерзімді қызетінің бір бөлігі болып табылады.