ЕҚЫҰ Астанадағы мемлекеттік сатып алу бойынша оқыту семинарын қолдайды
28 тамызда Астана қаласында ЕҚЫҰ ұйымдастырылған мемлекеттік сатып алулардағы тиімділігін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі семинар-тренинг өткізілді.
Екі күндік іс-шараны ЕҚЫҰ Астанадағы бағдарламалар офисі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі (МҚІСЖҚ) және Мемлекеттік басқару академиясы бірлесіп ұйымдастырды.
Іс-шараға МҚІСЖҚ мен қалалық әкімшіліктің 50-ге жуық өкілдері қатысты. Қатысушылар транспаренттік тетіктерді дамытуда және мемлекеттік сатып алуларда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауда озық тәжірибені зерделеді. Семинарда өтініштерді қараудың тапсырмаларын әзірлеу, мемлекеттік сатып алу әдістерін қолдану, агенттіктер арасында өкілеттіктерді бөлу және алаяқтық тәуекелдерін жою сияқты тақырыптар талқыланды. Оны Ресей Федерациясының сарапшысы өткізді, оның семинарға қатысуы ЕҚЫҰ-ның қаржылай қолдауымен мүмкін болды. Таныстырылымдар практикалық тапсырмалармен толықтырылды, оның барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтап, процесті жетілдіру бойынша шаралар ұсынды.
Бұл іс-шара ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінiң Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылын жетілдіру арқылы тиімді басқаруды дамытуға бағытталған көп жылдық күш-жігерінің бөлігі болып табылады.