ЕҚЫҰ Астанада адам құқықтары мен бизнес тақырыбындағы жазғы мектепті қолдауда
Адам құқықтары мен бизнес арасындағы қарым-қатынас тақырыбындағы ЕҚЫҰ қолдауымен заң мамандығы студенттері мен жас зерттеушілерге арналған жазғы мектеп сессиясы 2018 жылғы 17 тамызда Астанада тәмамдалды.
Үш күндік бағдарламаны Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі мен М.С.Нәрікбаев атындағы ҚазГЗУ Университеті «Құқықтық саясатты зерттеу орталығы» үкіметтік емес ұйымы қолдауымен ұйымдастырды. Жазғы сессия барысында Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей Федерациясының 30 заң факультететтері студенттері мен жас зерттеушілері кәсіпкерлік қызмет аясында адам құқықтарын насихаттау мен қорғаудағы мемлекет, бизнес және қоғамның рөлін оқып білді.
Олар жауапты іскерлік тәжірибенің негізгі ұғымдары мен қағидаларымен және адам құқықтарының қорғалуы мен жүзеге асырылуына осы тәжірибенің қалай көмектесе алатынымен танысты. Сонымен қатар сессияның шеңберінде қатысушылар корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеуде халықаралық тәжірибені зерттеді.
Ұлттық сарапшылар еңбекті қорғау және әлеуметтік серіктестіктің, тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың, сондай-ақ кәсіпкерліктің қоршаған ортаға тигізілген әсерін бағалаудың тиісті мысалдарын ұсынды.
Іс-шара Бағдарламалар офисінің қабылдаушы елдегі адам құқықтары саласындағы білім алуға қолдау көрсету бойынша ұзақ мерзімді шараларының бөлігі болып табылады.