Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі Омбудсмен мекемесі өкілдерінің
2018 жылы 10-14 тамыз аралығында Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі мен Қазақстанның Польшадағы Елшілігі Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың (Омбудсмен мекемесі) төрт өкілі үшін Варшава қаласына танысу сапарын ұйымдастырды.
Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық орталықтың басшысы Серік Оспанов бастаған делегация Польшадағы Омбудсмен институтының азаматтардың шағымдарын қараудағы тиімді құралдары мен үздік тәжірибелерін зерттеді.
Польшадағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің орынбасары Ханна Махински мекеменің мандаты, міндеттері, құқықтық негіздері, жұмыс қағидаттарымен, сондай-ақ қызметтеріндегі қиындықтары туралы ақпаратпен таныстырды. Қатысушылар Ұлттық алдын алу тетігі мен Тең қарау істері департаменттеріндегі әріптестерімен тәжірибе алмасты. Олар азаптаулар мен қатыгездікке, кемсітушілік пен жек көрушілікке қарсы тұру мәселелерін талқылады.
Делегация Сыртқы істер министрлігінің өкілдерімен, Польша Сеймінің (парламенттің төменгі палатасы) депутаттарымен, ғылыми және үкіметтік емес ұйымдардың, соның ішінде Адам құқықтары жөніндегі Хельсинки қоры өкілдерімен кездесті.
Польшадағы Азаптауларға қарсы ұлттық алдын алу тетігімен танысу мақсатында Қазақстан делегация Варшава - Бялоленкадағы тергеу изоляторына барып қайтты. Сапардың соңғы күнінде ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының (ЕҚЫҰ ДИАҚБ) аға өкілдері делегация мүшелерімен ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттеріндегі Адам құқықтары жөніндегі ұлттық институттардың заңнамалық дамуын, гендерлік тепе-теңдік және әртүрлілікті сақтау мәселелерін талқылады.
Танысу сапары Бағдарламалар офисінің қабылдаушы елдегі ұлттық құқық қорғау мекемелерінің қолдаудағы ұзақ мерзімді іс-шараларының құрамдас бөлігі болып табылады.