ЕҚЫҰ Қазақстандағы трансшекаралық су ынтымақтастығы жөніндегі халықаралық конференцияға қолдау көрсетуде
2018 жылдың 23 шілдесінде Орал қаласында, батыс Қазақстан, ЕҚЫҰ қолдауымен өткізілген Жайық (Орал) өзенінің алабындағы трансшекаралық су ынтымақтастығы жөніндегі халықаралық конференцияға Қазақстан мен Ресей Федерациясынан келген Парламенттің, орталық және жергілікті билік органдарының, ғылыми топтардың, азаматтық қоғамның және сарапшылық қоғамдастықтың шамамен 130 өкілі қатысты.
Олар Жайық (Орал) өзенінің трансшекаралық алабын басқарудағы сын-тегеуріндерді, оларды шешудің ықтимал жолдарын, сондай-ақ жергілікті экожүйелерді басқарудағы үздік тәжірибелерді талқылады.
Аустрия мен Өзбекстан сарапшылары мандатына, міндеттеріне, құқықтық мәртебесіне, ұйымдық құрылымына және қаржыландыру көздеріне ерекше назар аудара отырып, трансшекаралық бірлескен су органдары бойынша ең үздік тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар олар су ресурстарын басқару саласындағы екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты нығайту бойынша шараларға, сондай-ақ су ресурстарын басқару мәселелері бойынша шешім қабылдау барысындағы жұртшылықтың рөліне де көңіл аударды.
Іс-шара тәжірибелік сабақтармен аяқталды, олардың барысында қатысушылар Қазақстан мен Ресей арасындағы трансшекаралық ынтымақтастықта бар олқылықтарды анықтады, сонымен бірге оларды жою бойынша шешімдерді ұсынды.
Конференция Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисімен, Батыс Қазақстан облысының облыстық әкімдігімен және «Жайық-Орал экологиялық қозғалысы» Қоғамдық Қорымен ұйымдастырылған.
Ол трансшекаралық су диалогына жәрдемдесу және мемлекеттік құрылымдардың су ресурстарын тұрақты басқару саласындағы хабардарлығын арттыру бойынша Бағдарламалар офисінің көп жылдық күш-жігерінің бөлігі болып табылады.