Пікір білдіру еркіндігі және өшпенділік тіліне жол бермеу Қазақстандағы журналистерге арналған семинар талқылауының назарында
Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің «Құқықтық медиа-орталық» ҮЕҰ бірлесе отырып ұйымдастырған интернеттегі пікір білдіру еркіндігі және өшпенділік тіліне қарсы тұру саясаты бойынша шарасы 12 маусымда Қостанайда өткізілді.
20 жуық журналист, құқық қорғау органдары мен азаматтық қоғам өкілі БАҚ пен өшпенділік тіліне қарсы тұру саясатының арасындағы байланысты және үкімет, азаматтық қоғам және бұқаралық ақпарат саласында жұмыс істейтін ұйымдар арасындағы іскерлесуді нығайту жолдарын талқылады. Қазақстандық ұлттық сарапшылармен бірге қатысушылар журналистермен және әлеуметтік БАҚ беттерінде пайдаланылатын лексика үрдістерін анықтау үшін бірқатар арнайы таңдалған интернет ресурс пен баспа БАҚ талдады. Өмірлік жағдайлар негізінде қатысушылар БАҚ түрлі әлеуметтік және этникалық топқа қатысты визуалды стереотиптері шыдамсыздықты қалыптастыруға қалай әсер ете алатындығын қарастырды.
Шара журналистерді БАҚ беттерінде және интернетте өшпенділік тілімен күресу әдістеріне және интернет ортаның әлеуетті теріс әсерін және адамдардың деструктивті қылықтарын, соның ішінде троллингті, кибербуллингті және өшпенділік тілін азайту механизмдеріне үйретуге бағытталған.
Шара 2017 жыл барысында Ақтөбеде, Шымкентте, Петропавл мен Өскеменде өткізілген семинарлардың жалғасы ретінде ұйымдастырылған. Қатысушылар арасында ЕҚЫҰ «Пікір білдіру еркіндігі мен өшпенділік тілінің лексикасы» басылымы таратылды.
Шара Офистің ЕҚЫҰ ұстанымдары мен міндеттемелеріне сәйкес БАҚ еркіндігін және сөз еркіндігін ілгерілету қызметінің құрам бөлігі болып табылады.