ЕҚЫҰ Қазақстанда сот жүйесінің өкілдеріне арналған интернетті террористік мақсатта пайдалануға қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік семинарды ұйымдастырады
Алматы, 28 маусым 2018 ж. – Орталық Азия судьяларына, прокурорларына, тергеушілеріне және заң шығарушыларына арналған интернетті террористік мақсатта пайдалануға қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік екі күндік семинар бүгін Алматыда басталды.
Іс-шараны ЕҚЫҰ Трансұлттық қатерлер департаментінің Терроризмге қарсы бөлімшесі Астанадағы Бағдарламалар офисімен тығыз ынтымақтастықта ұйымдастырған.
Орталық Азия елдерінің, халықаралық ұйымдардың, академиялық топтардың және жеке меншік сектордың 50 астам сарапшысы ЕҚЫҰ Хатшылығының және Орталық Азия өңіріндегі ЕҚЫҰ далалық миссияларының өкілдерімен бірлесе отырып семинарға қатысты. Семинардың сессиялары интернетті террористік мақсатта пайдалануға қарсы іс-қимыл бойынша заң шығару шеңбері, ашық дереккөздердегі ақпаратты пайдалану, сондай-ақ лаңкестердің және күш қолданатын экстремисттер топтарының интернетті заңсыз пайдалануымен байланысты қылмыстарды тергеудің криминалистік деректерін қорғау және қалпына келтіру сияқты салаларда пікірталастарды дамытуға бағытталған.
Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің басшысы, Елші Дьердь Сабо терроризмнің қатері мен оның онлайн іс-әрекеттері табиғаты бойынша трансұлттық болып табылатынын айтып ескертті: «Тек трансұлттық шешім ғана бұл онлайн апатқа қарсы әрекет етуде қандай болса да нәтиже береді. ЕҚЫҰ барлық Орталық Азия елдерінің мемлекеттік және жеке меншік секторларда осы бағыттағы ынтымақтастықтың жаңа тиімді жолдарын дамытудағы күш-жігерлерін қолдайды».
Қатысушылар бір-бірімен және Беларусьтен, Бельгиядан, Испаниядан, Португалиядан, Ресейден және Шанхай ынтымақтастық ұйымының Терроризмге қарсы орталығынан, сонымен қатар БҰҰ Контртеррористік комитетінің Атқарушы директоратынан (КЛКАД) келген халықаралық сарапшылармен тәжірибе алысады.
Пікірталастар кезінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің үздік тәжірибелері, атап айтқанда адам құқықтарын құрметтей отырып, террористер олардың платформаларын пайдалануының алдын алуда технологиялық компанияларға көмектесетін «Tech against Terrorism» жобасы аясында жүзеге асырылған, мандатпен басқарылатын БҰҰ бастамасы талқыланады.
Семинар ұлттық әлеуетті және халықаралық адам құқықтарын сақтау стандарттарына сәйкес интернетті террористік мақсатта пайдалануды тиімді тергеу және қудалау үшін практиктерге қолдау көрсету арқылы аймақаралық контртеррористік жауап қайтару шараларын қолдауды күшейтуге бағытталған.