ЕҚЫҰ әлеуметтік желілер арқылы соттардың коммуникациясын жақсарту мәселелері бойынша оқу семинарын ұйымдастырады
Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотымен бірге Алматы қаласында 2018 жылғы 4-5 шілде аралығында «PR-дағы ньюсмейкинг - әлеуметтік желілерді белсенді қолданудың тиімді құралы» атты екі күндік семинарын ұйымдастырды.
Жоғарғы соттың және облыстық соттардың 25 астам судьялары әлеуметтік желілерді қолдану арқылы қоғам мен сот арасындағы диалогты жақсарту мәселелерін талқылайды.
ЕҚЫҰ қолдауымен Швециядан келген сарапшы БАҚ-пен бірге жұмыс істеу жөніндегі жергілікті сарапшылармен бірге соттар мен бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы коммуникацияға қатысты алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибені, сот процестерін жарықтандырудағы әлеуметтік желілердің рөлін, әлеуметтік желілер көмегімен коммуникация қағидаттарын, сонымен қатар әлеуметтік желілерде өзара қарым-қатынас және сынға жауап беру тәсілдерін талқылайды.
Судьялар сот мәселелері бойынша қоғам үшін мәтінді жасауды және әлеуметтік желілерде посттарды жазуды үйренетін топтық жаттығуларға қатысады.
Семинар бұқаралық ақпарат құралдарындағы сөз еркіндігін және ЕҚЫҰ қағидаттары мен міндеттемелеріне сәйкес пікір білдіру еркіндігін жылжытуға бағытталған Бағдарламалар офисінің қызметі аясында өткізіледі.