ЕҚЫҰ Қазақстандағы азаптау оқиғаларын тиімді тергеу мақсатымен Стамбул хаттамасы бойынша семинарды өткізуге қолдау көрсетуде
2018 жылы 23 маусымда Шымкент қаласында «Стамбул хаттамасына сәйкес азаптау мен қатыгездік жасауды тиімді тергеу және құжаттау» атты үш күндік оқу семинары аяқталды. Семинардың мақсаты азаптау оқиғаларын тергеу барысында тиімді тәсілдемелерді қолдану үшін мамандардың кәсіби дағдыларын жетілдіруге жәрдем көрсету болды.
Семинар барысында Түркістан облысының 30 астам прокуроры, адвокаты және сот-медициналық сарапшысы адам құқықтарының түрлі аспектілерімен және азаптау, қатыгездік жасау ұйғарымдарымен, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын әрекет түрлерімен танысты. Халықаралық және жергілікті сарапшылар болжалды азаптау құрбандарын медициналық-психологиялық сараптаудан өткізудің халықаралық стандарты болып табылатын Стамбул хаттамасына сәйкес тергеу, дәлелдерді жинау және азаптауға қатысты фактілерді құжаттауға шолу жасады. Сонымен бірге қатысушылар нақты сценарийлерді талдауға және еліктеме жаттығуларға қатысты.
Стамбул хаттамасы жөніндегі жыл сайынғы семинарлар топтамасының үшіншісі Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдарының академиясы, Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі және Қазақстанда БҰҰ Даму бағдарламасының қолдауымен ұйымдастырылды. Іс-шара қабылдаушы елдегі азаптауға қарсы әрекет ету бойынша Офистің ұзақ мерзімді жұмысы аясында өткізілді.