ЕҚЫҰ қаржылық қылмыстарды тергеу және Қазақстаннан ұрланған активтерді қайтару бойынша оқыту семинарын қолдайды
2018 жылдың 8 маусымында Астана қаласында ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисінің қолдауымен қаржылық қылмыстарды тергеу және ұрланған активтерді қайтару бойынша оқыту семинары аяқталды.
Құқық қорғау органдарының 60-қа жуық өкілдері ұлттық және халықаралық сарапшылардан ақщаны жылыстату, активтерді қайтару мақсатында ашық көздерден деректер жинау, инвестициялық алаяқтық пен сыбайлас жемқорлық схемаларын анықтау, активтерді трансшекаралық қадағалау және шетелге экспортталатын активтерді қайтару мақсатында шетелдік юрисдикцияларға өзара құқықтық көмек көрсету туралы өтініштер жіберуге байланысты қылмыстарды тергеу дағдыларын үйренді,
Бес күндік іс-шара қаржылық қылмыстарды тергеу саласындағы мекемеаралық ынтымақтастықты нығайту және шетелден ұрланған активтерді қадағалау, тоңазыту мен қайтару саласындағы үздік халықаралық тәжірибелермен танысуға бағытталды.
Семинарды ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисi Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясымен, Астанадағы АҚШ елшілігімен серіктестікте ұйымдастарды.
Бұл Бағдарламалар офисінің басқару саласындағы істерді тиімді түрде алға бастыртуға, ақшаны жылыстату мен терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдарға қатысты жасаған көпжылдық қызметінің жалғасы болып табылады.