ЕҚЫҰ жас су мамандарына арналған Алматыдағы жыл сайынғы аймақтық жазғы мектепті қолдайды
Орталық Азия аймағындағы су және жер ресурстарының инновациялық әдістері мен талдау және мониторинг құралдары Алматы қаласында ЕҚЫҰ-ның қолдауымен 2018 жылы 22 маусымда аяқталған жыл сайынғы аймақтық он бір күнге созылған жазғы мектептің басты назарында болды. Оған Орталық Азия елдерінің және Ауғаныстан университеттерінен келген 25-ке жуық магистрант, докторант, кіші оқытушылар және зерттеушілер қатысты.
Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Қазақстан-Неміс Университеті және «Орталық Азиядағы су» аймақтық ғылыми-зерттеу желісімен серіктестікте ұйымдастырған бағдарлама бес жыл қатарынан өткізіліп келеді.
Оқу модулдері кезінде қатысушылар географиялық ақпараттық жүйелер (ГАЖ) жұмысы, жер және су ресурстары мониторингі, климаттық мәліметтер және зондпен тексеруді талдаудың қағидаларымен танысты. ЕҚЫҰ-ның қолдауымен Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің ұлттық сарапшысы қашықтықтан зондпен тексеру бағдарламалары туралы презентациясымен баяндама жасады және қоршаған орта мониторингіне арналған спутниктік бейнелерді түсіндіру бойынша бірқатар практикалық мысалдар келтірді.
Қазақстан-Неміс Университеті жазғы мектеп бағдарламасын 2008 жылы Германияда Сыртқы істер министрлігі бастамашылық еткен Берлин процесінің аймақтық бастамасының шеңберінде 2014 жылдан бастап іске асырып келеді.
Іс-шара су ресурстарын тұрақты басқаруды ілгерілетуге бағытталған Офисiнің бұрынғы қызметінің жалғасы болып табылады.