ЕҚЫҰ Қазақстандағы құқық үстемдігін алға бастыруда
Құқық үстемдігін қамтамасыз етудің ағымдағы проблемалары және оның ықтимал шешімдері ЕҚЫҰ қолдауымен Астанадағы 15 маусым 2018 жылы халықаралық конференция түрінде өткен жыл сайынғы Шәйкенов оқуларының күн тәртібін белгіледі.
Бұрынғы Әділет министрі және Қазақстанның қазіргі заманғы тарихындағы ең көрнекті заңгер-ғалымдар мен қоғам қайраткерлерінің бірі болған Нағашыбай Шәйкеновтың атындағы іс-шара Қазақстан Республикасы Заңнама институтының 25 жылдығына орай ұйыдастырылды.
150 жуық жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлер, парламент депутаттары, қызметтегі заңгерлер, ғалымдар, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері сот төрелігін орындауда құқық үстемділігінің маңыздылығы мен рөліне қатысты мәселелерді талқылады. Олар әкімшілік актілерді іске асыру мен экологиялық қылмыстар үшін жауапкершілікке тартуға байланысты Қылмыстық кодекстің ережелерін жетілдіруге қатысты ағымдағы тәжірибені қарастырды. Сондай-ақ, құқықтық білім беру мен заң сараптамасының дамуы талқыланды.
Беларусь, Қырғызстан және Ресей Федерациясының құқық сарапшылары сандық дәуірде құқық үстемдігін дамыту мәселелері бойынша, сондай-ақ өз елдеріндегі, әкімшілік, коммерциялық және отбасылық құқықты реформалаудың үрдістері жайлы пікірлерімен бөлісті.
Конференцияның жеке секцияларында заң шығару процесінде жұртшылықтың рөлі, сондай-ақ ұлттық заңнамада халықаралық қылмыстық құқық нормаларын қолдану мысалында жария құқық салаларының тиімділігін арттыру сияқты сұрақтары талқыланды.
Іс-шараны Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі және Әділет министрлігінің Заң шығару институты бірлесіп ұйымдастырды.
Конференция Қазақстандағы сот төрелігін реформалауға қолдау көрсетудегі Бағдарламалар офисінің ұзақ мерзімді қызметінің бөлігі болып табылады.