ЕҚЫҰ Қазақстан құқық қорғау органдарын киберқылмыстарға төтеп беруге үйретуде
2018 жылдың 25 мамырында Алматы қаласында ЕҚЫҰ қолдауымен Қазақстандық мемлекеттік мекемелер мен құқық қорғау органдарының өкілдеріне киберқылмыспен күрес бойынша өткізілген бес күндік оқыту семинары аяқталды.
Ішкі істер министрлігінің, Бас прокуратураның, Бас прокуратураның жанындағы құқық қорғау органдары Академиясының, Әділет министрлігінің соттық сараптама Орталығының, Қазақстан Республикасының мемлекеттік істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің он сегіз қызметкері Құрама Штаттардан келген сарапшылар өткізген «Компьютерлер мен компьютерлік желілерге құқықсыз қол жеткізу» курсына қатысты.
Курс қатысушыларға өз әріптестерін компьютерлік желілерге құқықсыз қол жеткізу саласындағы тергеулердің көбіне қалай қарау керектігін үйрету машықтарын берді. Қатысушылар деректерді оралымды жадтан, ағымды уақыт режимінде, Microsoft Windows регистрлерінен, файлдар мен оқиғалар журналдарынан және желілік пакеттердегі ақпаратты қылмыстардың құрбандарының және киберқылмыстарға қатысты күдіктілердің компьютерлерін зерттеу мақсаттарында жинау және талдау құралдары мен техникасы жөнінде білім алды.
ЕҚЫҰ қолдауымен жаттықтырушылар үшін былтыр өткізілген «Компьютерлік қылмыстар мен электронды коммерция саласындағы қылмыстарды зерттеу негіздері» тренингін аяқтаған қатысушылар да осы курсты әріптестері үшін болашақта өткізетін болады.
Шара Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисімен, Қазақстандағы Америка Құрама Штаттары Елшілігінің халықаралық күрес және заңдылықты сақтау Бөлімімен және Есірткі заттарының, психотропты заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымымен күрес жөніндегі Орта-азиялық аймақтық ақпараттық координациялық Орталықпен бірлесе отырып өткізілді.
Тренинг ЕҚЫҰ Бағдарламалары офисінің трансұлттық қауіптермен, ақшаны жылыстатумен, терроризмді қаржыландырумен күрес және қылмыстық мақсаттарда Интернетті асыра пайдалануды болдырмау бойынша шаралар топтамасының бір бөлігі болып табылады.