ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Қазақстандағы Омбудсмен есебі жариялануын қолдауда
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің (Омбудсмен) 2017 жылғы қызметі туралы есебінің тұсаукесері ЕҚЫҰ қолдауымен 22 мамыр 2018 жылы Астанада өтті.
80 жуық Парламент депутаттары, мемлекеттік органдар өкілдері, заңгер ғалымдар, үкіметтік емес ұйымдар және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері халықтың түрлі топтарының, соның ішінде балалар, мүгедектер, қамаудағылар және басқа да әлеуметтік осал топтардың құқықтарын қорғауға арналған Омбудсмен мекемесінің қызметін талқыға салды.
Баяндамада 2017 жылы адам құқықтары жөніндегі мекеменің негізгі қызметі, оның ішінде статистикалық деректер және қаралған шағымдардың талдауы, мемлекеттік органдарға жолданаған ұсыныстар, азаматтық қоғаммен, халықаралық ұйымдармен және шетелдік адам құқықтары институттарымен өзара іс-қимыл туралы ақпарат бар.
Есептің ағылшын, қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасы мен жариялануы Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі қолдауымен іске асырылды.
Іс-шараны Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мекемесі Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі мен БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары аймақтық басқармасының қолдауымен ұйымдастырды. Олқабылдаушы елде адам құқықтарын қорғау жөніндегі ұлттық мекемелердің әлеуетін нығайту және адам құқықтары жайлы хабардар болуға қолдау көрсету бойынша Бағдарламалар офисінің ұзақ мерзімді қызметінің құрамдас бөлігі болып табылады.