Интернетте заңсыз есірткі сатуға қарсы күрес Қазақстандағы ЕҚЫҰ оқыту курсының тақырыбы болды
2018 жылдың 18-мамырында Астана қаласында ЕҚЫҰ қолдауымен ұйымдастырылған есірткіні заңсыз сатып алу және сатудағы Интернетті пайдаланудың соңғы бағыттары мен осы құбылысқа қарсы тұру жолдары бойынша Қазақстанның жаһандық қатерлермен күрес бойынша өңірлік хабынан келген құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне арналған оқыту курсы аяқталды.
Төрт күндік іс-шараға Бас прокуратураның, Есірткі заттарының, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығының (ОАӨАҮО) және Ішкі істер министрлігінің есірткімен күрес жөнінде бөлімдерінен келген 15-ке жуық құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен құқық қорғау органдарының білім беру мекемелерінің оқытушылары қатысты.
Қатысушылар заңсыз қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланылатын веб-платформалардың мониторингі, мессенджер қызметтерін қылмыстық мақсатта пайдалану, төлем құралдары, сондай-ақ Darknet және Deep Web-ті қолдану үшін бағдарламалық қамтамасыз ету туралы білді. Сарапшылар онлайн-тергеулерді қалай тиімді жүргізуге болатыны туралы тәжірибеден алынған нақты мысалдар келтірді.
Курсты ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисі Астанадағы АҚШ Елшілігінің Халықаралық есірткімен күрес және заңдылықты сақтау бөлімімен ынтымақтастықта ұйымдастырды. Бұл іс-шара есірткінің заңсыз айналымымен тиімді күресу үшін қабылдаушы елдің әлеуетін арттыру мақсатында ЕҚЫҰ-ның Бағдарламалар офисінің көп жылдық күш-жігерінің бөлігі болып табылады.