Цифрлық қауіпсіздік және медиа сауаттылық Орталық Азиядағы Интернетті дамыту бойынша ЕҚЫҰ-ның тоғызыншы форумының басты назарында
Алматы, Қазақстан, 17 мамыр 2018 ж. - Бүгін Алматыда ЕҚЫҰ-ның қолдауымен Интернетті дамыту жөніндегі тоғызыншы Орталық Азиялық форумы басталды.
Іс-шара «БАҚ, мемлекет, қоғам: цифрлық қауіпсіздік және медиа сауаттылық» тақырыбына арналады. Екі күндік іс-шараға Германия, Қазақстан, Қырғызстан, Литва, Ресей Федерациясы, Украина және Өзбекстаннан келген 120-ға жуық мемлекеттік қызметкерлер, азаматтық қоғам, БАҚ саласындағы үкіметтік емес ұйымдар, кәсіби қауымдастықтардың өкілдері, сарапшылар, заңгерлер және журналистер, сондай-ақ БАҚ бостандығы мәселелері бойынша ЕҚЫҰ Өкілі Бюросының кеңесшісі Айдар Ботагаров қатысуда.
Қатысушылар Интернеттің цифрлық қауіпсіздікке, жеке деректерді қорғауға ықпалын; Орталық Азиядағы пікір білдіру бостандығын; жалған жаңалықтарға қарсы әрекет етудің ең тиімді құралы ретінде аудиторияның медиа сауаттылығын ілгері жылжыту; ксенофобия мен жек көрушілік мәселелерін, сондай-ақ БАҚ реттеудегі мемлекет рөлін талқылайды.
ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисі бұл іс-шараны MediaNet Халықаралық журналистика орталығы және Қазақстандағы Конрад Аденауэр атындағы қорымен бірлесіп ұйымдастырды.
ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисінің басшысы Дьердь Сабо: «Кибер кеңістігіндегі заманауи сын-қатерлер мен қауіпсіздік мәселелері ақпараттың анықтығы мен оны жариялаудың алдын ала пішілмегендігіне қатысты тек журналистерге ғана емес, сонымен қатар әрбір жеке тұлға үшін жоғары жауапкершілікке әкеп соғады. Медиасауаттылық бұрыннан бері терең пікірлі қарым-қатынас пен белсенді азаматтық ұстанымның маңызды бөлігіне айналды».
Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаменті директорының орынбасары Бекзат Рахимов мемлекет медиа салада белсенді рөл алуға мәжбүр екенін айтты. БАҚ саласындағы мемлекеттің рөлі өзін-өзі реттеу процестерін нығайту барысында қысқаратын болады.
Форум Офистің Қазақстанда және Орталық Азия аймағында пікір білдіру бостандығы мен БАҚ бостандығын ілгерілету бойынша қызметінің құрамдас бөлігі болып табылады.