ЕҚЫҰ Қазақстанның Экологиялық кодексін әзірлеу бойынша дөңгелек үстелдердің топтамасын жалғастыруда
2018 жылдың 28 сәуірінде Астана қаласында ЕҚЫҰ қолдауымен ұйымдастырылған Қазақстанның Экологиялық кодексін талқылау бойынша дөңгелек үстел аяқталды.
Іс-шара Энергетика министрлігінің, бизнестің, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың 120 өкілдері үшін Қазақстанның Экологиялық ұйымдарының Қауымдастығымен бірлесіп Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисімен ұйымдастырылды.
Қатысушылар замануи үрдістерге және елдің стратегиялық құжаттарына сәйкес жаңартылған кодексе енгізу үшін негізгі экологиялық мәселелерді және тақырыптарды талқылады. ЕҚЫҰ қоршаған ортаға ықпал бағалауды жақсартудың, экологиялық нормалаудың шешімдер қабылдау үдерісінде әлеуметтік қатысудың мәселелері бойынша өздерінің ұсыныстарын және озық тәжірибелерін ұсынған ұлттық сарапшыларды шақырды.
ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев: «Жаңа Экологиялық кодексінде табиғат пайдаланушыға экономикалық жағынан экологияға салу, ластандырғыш заттектердің эмиссиясын төмендету, табиғат қорғау шараларына қаржы салу шарттарын қарастыру қажет. Осының бәрі жазалардан және айыппұлдардан қайтуға мүмкіндік береді», - деді.
Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің басшысы, Елші Дьердь Сабо: «Экономикалық дамудың қамтамасыз етілуі жағымды қоршаған ортасын қолдауымен қатарлас жүру қажет, ал осы үшін халықаралық стандарттарға және талаптарға сәйкес келетін экологиялық нормалары болу қажет. Осыған байланысты, заңнамалық экологиялық базасын қалыптастыруы елдің алдында тұрған сын-тегеуріндеріне жауап беруге тартылған замануи қадамы болып табылады», - деп атап өтті.
Іс-шара қабылдаушы елде «жасыл» экономиканың қағидаларын алға жылжыту және экологиялық қауіпсіздікті арттыру үшін тұрақты даму қағидаларын енгізу бойынша Бағдарламалар офисінің ұзақ мерзімді жұмысының бөлігі болып табылады.