ЕҚЫҰ Қазақстандағы азаптауға қарсы ұлттық алдын алу тетігін қолдауда
Азаптауға қарсы ұлттық алдын алу тетігінің (ҰАТ) екінші халықаралық форумы ЕҚЫҰ қолдауымен 2018 жылы 27 сәуірде Астанада аяқталды.
Екі күндік іс-шара 150-ге жуық қатысушыны, оның ішінде мемлекеттік органдардың жоғары лауазымды тұлғаларын, парламент депутаттарын, Адам құқықтары жөніндегі уәкілді (Омбусдмен), жергілікті және халықаралық құқық сарапшыларын, сондай-ақ елдің әр аймағынан ҰАТ мүшелерін жинады. Қырғызстан, Ресей Федерациясы, Түрікменстан және Өзбекстан омбудсмендері де іс-шараға қатысты.
Қатысушылар Адам құқықтары жөніндегі ұлттық мекемелер мен ҰАТ қызметкерлері арасындағы ынтымақтастыққа көңіл бөлді. Олар ҰАТ қызметін жетілдіруге байланысты мәселелерді, соның ішінде алдын ала болу сапарларының қорытындылары бойынша сапалы талдамалық есептерді дайындау, ҰАТ мүшелерінің қауіпсіздігі мен қорғалуы, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты азаптаулар мен қатыгез қарым-қатынасты болдырмаудың халықаралық стандарттары мен тәжірибелері сияқты тақырыптарды талқылады. ҰАТ қатысушылары 2017 жылы Қазақстанда алдын-алу іс-шараларының қорытындылары туралы шоғырландырылған баяндама мен тиісті мемлекеттік органдарға ұсынымдарын таныстырды.
Жаңа Зеландия мен Словениядан келген сарапшылар ҰАТ мандатын тиімді іске асыру және оның ұсынымдарын орындау бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті. Форум аясында азаптауды алдын-алу жөніндегі өңірлік ынтымақтастықты талқылау мақсатында Орталық Азиядағы Адам құқықтары жөніндегі ұлттық институттары басшыларының жеке кездесуі өтті.
Іс-шараны Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі, Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл (Омбудсмен), Адам құқықтары жөніндегі БҰҰ-ның Жоғарғы Комиссары өңірлік басқармасы және Орталық Азиядағы Халықаралық түрме реформасы бірлесіп, Қазақстанда сот төрелігі жүйесін жетілдіру бойынша және Еуропалық Одақ пен Еуропа Кеңесінің бірлескен бағдарламасының қолдауымен ұйымдыстырды.
Форум қабылдаушы елдегі ҰАТ-ты қолдау және БҰҰ-ның Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенциясына Факультативтік хаттаманы жүзеге асыру жөніндегі Бағдарламалар офисінің ұзақ мерзімді күш-жігерінің құрамдас бөлігі болды.