ЕҚЫҰ тауарларды уақытша әкелу мәселелері бойынша Қазақстандағы семинарды қолдайды
2018 жылдың 5 сәуір күні Алматыда ЕҚЫҰ қолдауымен өткізілген, 1990 жылғы Стамбул конвенциясына сәйкес тауарларды уақытша әкелу және Карнет АТА (Admission Temporaire фр./Temporary Admission ағыл.) жүйесін тәжірибе жүзінде қолдану мәселелері бойынша екі күндік семинар аяқталды.
Карнет АТА – бұл кедендік шаралар және тауарлардың уақытша импорты мен экспорты бойынша халықаралық құжат. Ол баж және импорт салығы төленбей, кеден арқылы 12 ай ішінде кері әкетілуі тиіс тауарларды рәсімдеу үшін 87 елдер мен аумақтарда қолданылады. Оны сәйкес жабдықтардың импорты мен экспортын жеңілдету үшін мәдениет қайраткерлері және көшпелі көрмелерді ұйымдастырушылар жиі қолданады.
Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей Федерациясы кеден қызметтерінің, сонымен қатар Қазақстан бизнес қоғамдастықтарының 70 жуық өкілдері, Стамбул конвенциясымен қарастырылған Карнет АТА жүйесіне сәйкес, тауарларды уақытша әкелу бойынша іс жүзіндегі тәжірибені қарастырды және осы жүйені қолданудың сын-тегеуріндерін талқылады.
ЕҚЫҰ қолдауымен келген Беларусь және Ресей Федерациясының Сыртқы сауда палатасынан сарапшылар нормативтік негізге, тәжірибе жүзінде қолдану шараларына және кедендік органдармен өзара әрекеттестікке ерекше көңіл бөліп, өз елдерінде Карнет АТА жүйесін қолдану бойынша тәжірибесімен бөлісті. Қазақстаннан қатысушылар тауарлардың шекарадан өту кезіндегі әкімшілік қиындықтарды анықтап, тауарларды уақытша әкелу бойынша кедендік шараларды нығайтуға арналған ұсынымдарды әзірледі.
Семинар Германия халықаралық ынтымақтастық жөніндегі қоғамымен (GIZ), Қаржы министрлігі Мемлекеттік табыс комитетінің Оқу-әдістемелік орталығымен және Қазақстанның Сыртқы сауда палатасымен серіктестікте Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламары офисімен ұйымдастырылған.
Іс-шара өңірдегі сауданың тиісті түрде басқарылуын алға жылжытуда және дамытуда қабылдаушы елді қолдау бойынша Бағдарламалар офисінің ұзақ мерзімді күш-жігерінің бөлігі болып табылады.