ЕҚЫҰ Қазақстанның Экологиялық кодексіне түзетулерді талқылау бойынша дөңгелек үстелді қолдайды
2018 жылдың 29 наурызында Астана қаласында ЕҚЫҰ қолдауымен Энергетика министрлігінің, халықаралық ұйымдардың және азаматтық қоғамның 45 жуық өкілдері елдің Экологиялық кодексіне түзетулерді талқылау үшін дөңгелек үстелде жиналды.
Қазақстанның экологиялық ұйымдары Қауымдастығымен ынтымақтастықта Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі ұйымдастырған іс-шарада қатысушылар Экологиялық кодексті қарастырып, экологиялық заңнаманың әлеуетті реформаларын талқылады.
Сондай-ақ, қатысушылар үкіметтің тұжырымдамалық тәсілдемесі мен стратегиялық құжаттарына сәйкес құжатқа енгізуге арналған негізгі экологиялық тақырыптарды анықтады. Бірқатар ұсыныстардың тізімі Энергетика министрлігіндегі жұмыс тобына тапсырылады.
Экологиялық саясат саласындағы құжаттарды әзірлеуге жұртшылықтың қатысуын және азаматтық қоғамның тартылуын қамтамасыз ету үшін осы жылдың ішінде тағы бір кездесу жоспарланған.
Іс-шара қабылдаушы елде «жасыл» экономиканың қағидаларын алға жылжыту және экологиялық қауіпсіздікті арттыру үшін тұрақты даму қағидаларын енгізу бойынша Бағдарламалар офисінің ұзақ мерзімді жұмысының бөлігі болып табылады.